- Басты
- Жаңалықтар
- Өскеменнің оқушылары робототехниканы игеруде
Өскеменнің оқушылары робототехниканы игеруде
Бұдан бөлек, оқушылар электротехниканың, мехатрониканың, компьютерлік моделдеудің негізін меңгереді. Жақын уақытта бұл оқушылар ЖОО оқытушыларынан оқып, ғылыми жобаларды жүзеге асыруға қатыспақ.
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Алматы қаласындағы робототехника оқу зертханасының ашылуында Қазақстан үшін ұлттық балалар робототехника лигасын құрудың маңыздылығын атап өткен болатын. Өскемендегі № 25 мектеп ұстаздары өткен жылы робототехника саласына қатысты жаңа пән енгізу туралы ұсыныспен шыққан болатын.
Оқушылардың алғашқы жобаларын бағдарламалауға мектеп ұстаз-тәлімгерлері көмектескен. Оқу орынының IT-сыныбында дарынды балалар үшін тек робототехниканың негізін ғана емес, сонымен қатар, электротехника, электроника, мехатроника, бағдарламалау, компьютерлік моделдеуде үйретіледі.
«Мектептегі робототехника пәні – бұл мектептің маңызды міндеттерінің бірін шешетін үлкен артықшылық. Яғни, оқушыларды үйретіп, алған білімдерін пайдалану. Робототехникамен жақын танысқан оқушылар тәжірибе жүзінде өздерінің білімдерін пайдалана алады. Математика, физика, құрастыру, еңбек, химия, биология және информатика пәндерінде өте қажет болады. 2014-2015 оқу жылында 6 сынып оқушылары робототехника бойынша республикалық олимпиадада 2 орын алды. Сочи қаласында өткен Халықаралық жарыстарға балалар робототехника бойынша қатысып келді»,-деді білім басқармасының бастығы Айжан Садықова.
Бүгінгі таңда пән өзін-өзі ақтап, алдағы уақытта да қолдау табатынын көріп отырмыз. Жаңа оқу жылында аталмыш мектеп оқушылары оқу курсынан бөлек, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-мен мектептің «Мектеп-ЖОО» ынтымақтастығы аясында аталмыш жоғарғы оқу орыны оқытушыларынан білім алып, ғылыми жобаларын жүзеге асыруға қатысатын болады.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Үшінші тоқсанда бітіруші сынып оқушылары мектепке барады -
Елорда оқушылары арасында бұрымдылар байқауы өтуде -
Жолдау туралы: Жаңа мамандықтарды игеруден қорықпауымыз керек -
Қазақстанның оқушылары 25 жылда олимпиадаларда 9 мыңнан астам медаль жеңіп алды -
Павлодар облысының оқушылары латын әліпбиінде диктант жазды -
Қаражал оқушылары туған өлкесінің тарихи ескерткіштерімен танысты -
Маңғыстауда жоғары сынып оқушылары үшін жаңа оқу құралы әзірленді -
Өскеменнің 23 ауласында балаларға арналған алаңдар пайда болады -
ЕҚДБ Өскеменнің жылу жүйесін жаңғыртуға 3 млрд теңге бөлді -
Астананың оқушылары Сыртқы істер министрлігінде болды (ФОТО) -
Қазақстан Германияның құқық қорғау үрдістерін енгізу тәжірибесін игеруде -
Астананың жоғарғы сынып оқушылары жұмыс мамандығына меңгеруде (ФОТО) -
Алматылық киім өндірушілер Астана нарығын игеруде -
Өскеменнің жедел жәрдем станциясына 13 автомобиль сатып алынады