- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Нуров: Алматы Универсиадаға қатысатын 64 елді қабылдай алады, бірақ 50 елдің келетіні күтілуде
Н.Нуров: Алматы Универсиадаға қатысатын 64 елді қабылдай алады, бірақ 50 елдің келетіні күтілуде
«Біз Алматыны Универсиада кезінде 64 елді қабылдай алады деп айта аламыз. Бұл максималды көрсеткіш. Бүгінгі біздің Атлеттер қалашығы, спорттық нысандар, транспорт, логистикалық мүмкіндіктеріміз 64 елдің 5000-ға жуық спортшысын қабылдауға мүмкіндігі жетеді», - деді Наиль Нуров.
Кездесу барысында Наиль Нуров осыған дейінгі рекордтық көрсеткіш Эрзурум қаласында тіркелгенін айтып өтті. Эрзурумде 52 ел Универсиадаға қатысқан болатын.
«Ойындар Еуропада өткен кезде логистиканы жеңілдететіні анық. Еуропада Универсиадаға қатыспайтын ел жоқ. Біз Эрзурумнің рекордын бұзуға талпындық. Бірақ бүгінгі күні әлемде экономикалық қиын жағдайлардың орын алуы арманымыздыың орындалуына кедергі болды. Бізге 64 елден емес, 50 елдің спортшылары келуі мүмкін деп жобалап отырмыз. Бірақ тіркелу жұмыстары әлі аяқталмады. Жыл соңына дейін бізде әлі уақыт бар», - деп хабарлады 2017 жылғы қысқы Универсиада дирекциясының басшысы.
Сонымен қатар Наиль Нуров, Ұлттық студенттер спорты федерацияларының Универсиадаға қатысуын қамтамасыз ету Халықаралық студенттер спорты одағының (FISU)қарауында екенін де айтып өтті. «Біз осы сұрақ бойынша FISU көмегіне және Қазақстан ұлттық спорттық студенттер одағының көмегіне жүгінеміз», - деп сөзін аяқтады Наиль Нуров.
Белгілі болғандай, FISU регламенті бойынша қатысуға мүмкіндік беретін аккредитацияға өтініш жіберу 2016 жылдың 29-қаңтарынан 2017 жылдың 29-қаңтарына дейін жалғасады.
Айта кетейік, Универсиадаға аккреитацияланудың бірінші кезеңінде 64 ел қатысуға өтініш білдірген болатын. Екінші кезеңде қатысушы ел команда тізімі мен спорт түрлері және спортшылар мен ресми адамдардың нақты санын нақтылауы тиіс.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде