- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандықтар тауарды мобильдік байланыс арқылы сатып алу мүмкіндігіне ие болды (ФОТО)
Қазақстандықтар тауарды мобильдік байланыс арқылы сатып алу мүмкіндігіне ие болды (ФОТО)
Аталған шараға ҚР Ақпарат және коммникация министрлігінің вице-министрі Сәкен Сәрсенов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ басқарушы директоры Елена Баxмутова, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин, өзге де журналистер мен теxнология саласының мамандары қатысты.
Қолданысқа алғаш еніп отырған бұл теxнологияның артықшылығы – Жол қатынасы мен банк қызметі және интернет жүйесі қолайсыз шалғай аудандар мен елді мекендердегі xалықтың дүкен, супермаркеттерде сауда жасауы мен төлем жұмыстарының ауыртпалығын жеңілдету. Бұл жүйе Африка елдерінде әлдеқашан қолданысқа еніп, өзінің оң нәтижесін берген екен. Аталған терминал орнатылған дүкеннен керегіңізді алу үшін қолыңызда қарапайым телефон ғана болса жетіп жатыр. Сіз зат сатып алатын кез келген дүкенде сол жердегі поштаның және дүкеннің саудаға арналған коды болады. Соны теріп, алатын затыңыздың бағасын sms арқылы жіберіп, өз қажетіңізге жарата аласыз.
Бұл жобаның қазақстандық авторы – «Қазпошта» АҚ қаржы қызметі даму департаментінің директоры Манарбек Әбенов.
«Бұл Қазпочтаның «SALEM» жүйесіндегі тағы бір жаңалығы. Жаңа «SALEM, MOBILE!» қызметінің ерекше ыңғайлылығы USSD-пәрмендер ұялы байланыс жүйесінде яғни Қазақстанның барлық жерінде және роумингте қолжетімді болуында, бұл әлемнің кез келген нүктесіне, Интернетке қолжетімді бола бермейтін жерлерде де ақша аударымдарын жүргізуге мүмкіндік береді»-деп мәлімдеді IT жөніндегі Бас директор Нарман Мұқышев.
USSD пәрмендерінің көмегімен аударымдарды жүргізудің бірінші және маңызды шарты банктік картаның www.post.kz пошталық және қаржылық қызметтердің ұлттық порталының аккаунтына қосулы болуы, сонымен қатар картада интернет-транзакцияларға рұқсат етілген болуы керек. Барлық шарттарды орындай отырып, *499# теріп, ұсынылған мәзірден қажетті қызметті, яғни оның реттік нөмірін көрсете отырып таңдау қажет:Картадан картаға аударым, Карта тарихынан аударым, Төлем.
«1» санын көрсете отырып, клиент «Картадан картаға аударым» қызметін таңдайды. Ақша аударымдарын жіберушінің картасы қызметтің бірінші амалдарында клиент өзі енгізетін соңғы 4 сан және CVV-код бойынша сәйкестендіріледі. Екінші кезеңде алушы адамның банк картасының нөмірі және ақша қаражатының сомасы көрсетіледі. Деректердің дұрыстығын растау арқылы ақша аударымы тез арада алушының картасына түседі.
«2» санын көрсете отырып, клиент карта тарихынан аударымдар жүргізе алады.
«3»санын көрсете отырып, клиент картамен төлем жасау арқылы төлем терминалдарының көмегімен заңды тұлға қызметтерін (мысалы, магазин) төлей алады. USSD-төлемдерін қабылдау мүмкіндігі үшін заңды тұлға «Қазпочта» АҚ-мен тиісті Келісімге қол қоюы қажет.
«Қазпочта» АҚ – пошталық, қаржылық, логистикалық, брокерлік және агенттік қызметтерін ұсынатын Қазақстан Республикасының пошталық байланыс саласындағы ұлттық операторы. Дүниежүзілік почта одағының мүшесі, VISA International және MasterCard Worldwide халықаралық төлем жүйелерінің принципті қатысушысы. «Самұрық-Қазына» АҚ компанияның жалғыз акционері болып табылады.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек