- Басты
- Жаңалықтар
- Медициналық сақтандыру қоры: Жоғары деңгейдегі сапа мен қолжетімді медициналық қызмет
Медициналық сақтандыру қоры: Жоғары деңгейдегі сапа мен қолжетімді медициналық қызмет
Медициналық сақтандыруды енгізудің қажеттілігі
Денсаулық сақтау жүйесі үшін жаһандық мәселелер, инфекциялық емес аурулардың өсуі сияқты, жаңа технологиялырдың енгізілу жүйесі есебінен, қартайған адамдар санының артуы сияқты факторлар денсаулық сақтау саласындағы шығыстарды арттырады. ҚР денсаулық сақтауды қаржыландыру деңгейі төмен – көрші елдермен салыстырғанда ІЖӨ 3,5 % деңгейінде. Мысалы РФ-да ІЖӨ-н 8-9 %. Бұдан бөлек, халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстегі жауапкершілік қағидалары әлі күнге дейін жүзеге асырылмаған. Халықаралық тәжірибеде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, үлкен мәселелерге жауап береді.
МӘМС моделін таңдаған елдер тәжірибесі ҚР-да
Дүниежүзілік банк пен тәуелсіз халықаралық сарапшыларды, басқа елдердегі денсаулық сақтау жүйесінде медициналық сақтандыру мәселелерімен айналысатын мамандарды тарту арқылы халықаралық тәжірибені меңгеру ісі қолға алынған болатын. МӘМС моделі ҚР-да германдық классикалық модель тәжірибесінде құрылды. Ресей Федерациясының тәжірибесі нормативтік және елдің менталитеттік жағынан жақынырақ. Литва мен Шығыс Еуропа елдері – Словакия, Чехия, Польшаның денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдары ҚР-мен деңгейлес.
1996-1998 жылдары медициналық сақтандыру реформасының ҚР-да құлап қалу себептері
1996-1998 жылдары медициналық сақтандыру реформасының құлап қалуының негізгі себебі ретінде кіріс жиынтығы деңгейінің жеткіліксіз болуы айтылады. Медициналық сақтандыру қорының өз міндетін атқара алмай қалуының себептері де бар. Айталық, экономикалық дағдарыс – көптеген кәсіпорындар қарыздарының көптігінен сақтандыру жарналарын төлей алмады. Жеке кәсіпкерлер мен өзін өзі жұмыспен қамтушылар да жарна бөле алмады; жұмыссыздықтың артуына байланысты жергілікті бюджетке салмақ түсті. Осылайша, медициналық ұйымдар алдында қордың қарызы пайда бола бастады. Қордың атына жиналған қаржыны жемқорлықпен жоқ қылды деген айыптар тағылды. Аталмыш тәжірибе сабақ болды.
Бүгінгі таңда жаңа модель макроэкономикалық құрал ретінде және қордың тұрақтылығын қамтамасыз ету тұрғысынан қарастырылып отыр. Яғни, жиналған қор қаржысын ашық жүйемен бөлу міндеттеледі. Қазметті ашық қамтамасыз ету жөнінде стандарт талаптары дайындалған. Онда қаржыны аккумулирациялағанда, медициналық көмекті жоспаралағанда, жеткізушілерді таңдауды жүзеге асырғанда, сапа бақылауында және медициналық көмек ақысын төлегенге дейінгі аралықтағы үдерістерде қор қызметінің ашықтығын арттыратын тетік жасалып отыр.
МӘМС-ды енгізу есебінен мемлеукеттік бюджет шығыстарын қысқарту
ҚР денсаулық сақтауды қаржыландыру деңгейі төмен – көрші елдермен салыстырғанда ІЖӨ 3,5 % деңгейінде. Мысалы РФ-да ІЖӨ-н 8-9 %. Осыған байланысты денсаулық сақтаудағы шығыстарды төмендету мәселесін, медициналық қызмет сапасын арттыру сұрағымен алматыруға болады. Яғни, шығыстың өсуі мақсатқа сай болуы шарт. Бюджет шығысын төмендету мемлекеттік жарнаны белгілеумен айқындалады.
Ботагөз Айтжанова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері