- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық дәрілік формулярмен жұмыс істеу бойынша медициналық қызметкерлерді оқыту үшін сарапшылар тобын дайындауда
Ұлттық дәрілік формулярмен жұмыс істеу бойынша медициналық қызметкерлерді оқыту үшін сарапшылар тобын дайындауда
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2 күннің ішінде халықаралық кеңесшілер мен ҚР ДСӘДМ мамандары Астанадағы және жақын аймақтардағы негізгі сарапшыларға ҚҰФ-тың артықшылықтары туралы айтып, нұсқаулық берді, сонымен қатар, жаңа ресурсты қолдана отырып, пациенттерге дәрілерді дұрыс тағайындау туралы әңгімелеп берді.
Семинар қатысушылары алдында сөз сөйлеген ҚҰФ жасаушыларының бірі, EBN Health компаниясының басқарушы директоры Дункан Энрайт: «Біз ҚҰФ-ты Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне тікелей жеткізіп отырғанымызға қуаныштымыз. Біз пациенттерге көрсетілетін медициналық көмекті жақсартумен қатар, медициналық қызметкерлерге көмекші құрал бола алатын жаңа ресурсты дұрыс қолдануды үйретеміз. Жұмысы қыруар дәрігерлерге формуляр соңғы дәлелдемелерге сүйене отырып, қандай жаңа дәрілердің бекітілгені туралы ақпарат береді. Сонымен бірге, ол денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлеріне дәріні таңдау мен оның мөлшерлемесінің дұрыс екендігіне көз жеткізіп, өздері қолданатын дәрілік заттар туралы кез келген жаңа ақпаратты білуіне мүмкіндік береді. Семинарға қатысушылар ҚҰФ-ты қолдану туралы өзгелерге ақпарат беріп, оның әрі қарай кеңінен қолданылуына көмектесетініне сенімдімін», - деді.
Семинарға қатысушылар өз ұйымдарында алған білімдерін кеңінен таратуға мүмкіндік беретін қажетті материалдарды алды.
23-24 маусым күндері семинар Ақтөбе қаласында, 27-28 маусымда Алматыда өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр Ұлыбритания және Жаңа Зеландия елдерінде формулярды жасаған халықаралық сарапшылар EBN Health компаниясының басқарушы директоры Дункан Энрайт пен аталған компанияның емханалық директоры Дэвид Вудстың қатысуымен жасалды.
ҚҰФ құрамында емханалық тиімділігі дәлелденген дәрілер бар, ол әлемдегі ең үздік формулярлар қағидасы бойынша жасалған. Формуляр www.knf.kz бойынша онлайн-байланыс арқылы қолжетімді, оны компьютер арқылы, сонымен қатар, смартфондар мен планшеттер сияқты мобильдік технологиялар арқылы қолдану жеңіл әрі оңай. ҚҰФ өзекті ақпаратпен қазақ және орыс тілдерінде дер уақытында қамтамасыз ету мақсатында үнемі жаңатылып отырады. Оның міндеті – әрбір азаматқа, оның әлеуметтік дәрежесі мен кіріс деңгейіне қарамастан, дәрілерді тиімді қолдануды қамтамасыз ету мен қолжетімді фармацевтік көмек көрсету болып табылады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы