- Басты
- Жаңалықтар
- А.Есімов: Астанадағы ЭКСПО құрылыстарын салуға 262 отандық тауар өндіруші тартылды
А.Есімов: Астанадағы ЭКСПО құрылыстарын салуға 262 отандық тауар өндіруші тартылды
Еске сала кетейік, 2015 жылдың тамыз айына дейін ЭКСПО құрылысында жергілікті қамту үлесі нөлге жақын еді. Қазақстандық компаниялардың бұл нарыққа кірулері бірқатар себептермен мүмкін болмаған.
«2015 жылдың тамызынан бастап біз құрылыс саласына қатысты өнімдерді шығаратын отандық кәсіпорындарды белсенді түрде тарта бастадық. Бүкіл Қазақстанды аралап, үлкен жұмыстар атқардық. Бүгінгі таңда барлық облыс және Астана мен Алматы әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойдық. Біз қазақстандық компаниялармен келісім жасаудың артықшылығына бас мердігерлердің көзін жеткіздік»,-деп атап өтті А.Есімов.
ҚР Президенті ЭКСПО нысандарының құрылысын жүргізуде барынша қазақстандық қамту мәселесін міндеттеген болатын. Президент жұмыс барысына жоғары баға берді.
«Көрме нысандарының құрылысына 262 отандық тауар өндіруші тартылып, 36,9 млрд. теңгенің келісімі бекітілді. Көрсетиілген қызметтің, жеткізілген тауар мен материалдардың құны 255,8 млрд. теңгені құрады. Шетелдік мердігерлердің қазақстандық жеткізуші компаниялармен жұмыс істеудің тиімділігін түсіндіріп, көздерін жеткізу қиынға соқты»,-деді А.Есімов.
Оның айтуынша, Қазақстанда шетелдік тауарлармен баламалы түрде бәсекелесе алатын өзіміздің сапалы өнім жеткілікті.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері