- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында Индустрияландыру картасы бойынша жұмыс істей бастаған 68 жоба толық көрсеткішке шықты
Павлодар облысында Индустрияландыру картасы бойынша жұмыс істей бастаған 68 жоба толық көрсеткішке шықты
Өңірде іске қосылған екі жобаның жұмыс қарқыны әзірше төмен деңгейде. Олар «Қазақстан вагон жасау компаниясы» және «Альголд» ЖШС-і.
«Үкімет тарапынан лизинг механизмі арқылы отандық жүк және жолаушылар вагондарын жасау өнеркәсібін қолдау үшін 17,5 млрд. теңге көлемінде ақшалай қаражат бөлінді. Осы қаржылай көмек арқылы теміржол машиналарын жасау саласындағы 39 кәсіпорын, олардың ішінде «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС-і де өздерінің жағдайын көтеріп, нарықтағы белсенділігін арттыра алады», - деді Әлішер Әбдіқадыров.
««Альголд» ЖШС-не келетін болсақ, құрамында алтын бар рудаларды қайта өңдеу өндірісін модернизациялау жобасы бойынша кәсіпорындағы жұмыс мамыр айынан бастап қайта жанданды. ЖШС-ің өнімдері «Тау-Кен Алтын» ЖШС-ің аффинаждау зауытына сатылымға шығарылады. «Тау-Кен Алтын» ЖШС-і «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясының құрамына енеді.
2015-2019 жылдар аралығында облысымызда инвестициялар көлемі 1,2 трлн. теңгені құрайтын 32 жоба жүзеге асырылды. Бұл жобалардың шеңберінде 7000 жұмыс орындары құрылды. 2015 жылы 5 жоба іске қосылды. Олардың ішінде Бозшакөл тау-кен байыту комбинаты мен мұнай коксын қыздыру қондырғысы да бар. 2016 жылы жеті жобаны тапсыру көзделіп отыр. Олардың үшеуі (Екібастұз және Павлодар қаласындағы жылыжай кешендері және Май ауданындағы көмір байыту қондырғысы) қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр.
Белгілі болғандай, 2016 жылы облыстың негізгі капиталына 460 млрд. теңге тартуға жағдай жасалады. Болат Бақауов өңірдің тартымдылық картасын жасап, онда қаржылық қолдауды қажет ететін жұмыс істемей тұрған кәсіпорындарды көрсетуді талап етті. Сонымен қатар, Павлодар облысының әкімі жергілікті әкімдердің жұмысы тартылған инвестициялардың санына қарай бағаланатынын еске салды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді