- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда өтетін Армия ойындарының байқауларына 17 ел қатысатыны белгілі болды
Қазақстанда өтетін Армия ойындарының байқауларына 17 ел қатысатыны белгілі болды
Аталған ойындардың негізінде 23 халықаралық байқау өткізу қарастырылуда, олардың ішінде – «Артиллериялық оқ ату шебері» және «Мерген шебі» байқаулары алғаш рет Қазақстан Республикасына қарасты полигондардың аумағында өткізілетін болады.
«Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін «Артиллериялық оқ ату шебері» байқауына қазірдің өзінде 6 елдің әскери қызметшілері қатысатыны мәлім болды. Олар - Ангола, Венесуэлла, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Қытай, Ресей. Ал «Мерген шебі» байқауына 11 елдің армиясы – Белорусь, Венесуэлла, Зимбабве, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Қытай, Монғолия, Ресей және ОАР қатысады», - делінген хабарламада.
Аталған байқауларға 8 ел бақылаушыларын жіберуге дайын. Олар: Австрия, Алжир, Германия, Израиль, Куба, Намибия, Мьянма Одағы, Сауд Арабиясы. Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың тамыз айында Армия халықаралық ойындары алғаш рет Ресейде өткізілген болатын. Оған барлығы 17 елден 56 команда қатысты.
Бұл ойындар бойынша 13 байқау 11 полигонда өткізіліп, әскери қызметшілердің далалық (әуе, теңіз) машықтары сыналды. Алғашқы сайыстың қорытындысы көрсеткендей, байқаулар әскери қызметшілер мен экипаждардың кәсіби даярлық деңгейін, олардың шеберлігі мен жинақылығын арттыруға, қатысушы елдердің Қарулы Күштері арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері