- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 600-ге жуық түлекке «Алтын белгі» табысталды (ФОТО)
ОҚО-да 600-ге жуық түлекке «Алтын белгі» табысталды (ФОТО)
Облыс әкімі облыстағы мектеп-интернаттарды тәмәмдаған 116 түлекке «Алтын белгі» белгісін тапсырып, ҰБТ-да 125 балл жинаған 6 оқушыға қаржылай сертификат табыстады.
«Бұл қуаныш – 11 жылғы үздіксіз еңбектің жеңісі. Тәжірибелі ұстаздардың еңбегі және ата-аналардың ақ тілегі. Сіздердің биылғы жеңістеріңіз Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Сол Тәуелсіздігіміздің тірегі, Егемен елдің ертеңі ретінде Сіздерге, болашақта мәңгілік елдің бір кірпіші болып қалануларыңызға шын жүректен тілектеспін», - деді Б.Атамқұлов.
Өз кезегінде, бітіруші түлектердің бірі – «Алтын белгі» иегері М.Турдиева аға буын өкілдеріне алғысын жеткізіп, өз замандастарына ақ жол тіледі.
Салтанатты кездесу барысы мерекелік концертке ұласып, түлектер вальсі ұйымдастырылды.
Айта кету керек, республика бойынша 2534 «Алтын белгі» иегері болса, соның 581-і ОҚО түлегі. Яғни, елімізден шыққан әрбір 4-ші «Алтын белгі» егесі біздің облысқа тиесілі болып отыр. Сонымен бірге, ҰБТ кезінде республикада 125 балл жинаған 19 түлектің 6-уы, яғни, әрбір үшіншісі - Оңтүстіктен.
Ерекше ескеретін жайт, биыл ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде Мақтарал ауданындағы Б.Момышұлы мектеп-гимназиясының «Алтын белгі» белгісіне үміткер 57 оқушының 40-ы немесе 70,1% өз білімін растап, облыста жоғары көрсеткішке жетіп отыр.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Миллионға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты -
Жыл басынан бері 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты -
61 мыңға жуық қазақстандық зейнетақы аннуитеті шартына қол қойған