• Басты
  • Н. Нығматулин: Көппартиялы Парламент - парламентаризмнің қазақстандық үлгісін дамытудың маңызды өлшемі
26 Қараша, 2013 16:27

Н. Нығматулин: Көппартиялы Парламент - парламентаризмнің қазақстандық үлгісін дамытудың маңызды өлшемі

Парламентаризмнің қазақстандық үлгісін дамытудың маңызды өлшемдерінің бірі оның көппартиялық бағыты. Астанада «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Н.Ә Назарбаевтың Қазақстандағы парламентаризмді дамытудағы рөлі» тақырыбында өтіп жатқан халықаралық конференцияда сөз алған Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин осындай пікір білдірді, деп палатаның баспасөз қызметі хабарлады.

Н. Нығматулин: Көппартиялы  Парламент - парламентаризмнің қазақстандық  үлгісін дамытудың маңызды өлшемі | Strategy2050.kz

«Көппартиялы Парламентті қалыптастыру біздің еліміздің демократия жолында жасап жатқан тағы бір нақты қадамының көрсеткіші,- деді Мәжіліс Спикері. Одан әрі Нұрлан Нығматулин Парламенттің қазіргі құрамы туралы баяндай келіп, оның Елбасының стратегиясын жүзеге асыру жолындағы сындарлы жұмысына тоқталды», - делінген хабарламада.

 «Әрине, барлық парламентарийлер өздерінің саяси бағдарламаларының негізгі бағыттарын ұстанады. Алайда, партиялық құрамы мен идеологиялық алуандықтарға қарамастан, Парламент өкілдері демократиялық рәсімдер негізінде өзара тиімді іс-қимыл  жасайтындығын көрсете білді. Ең бастысы екі палата депутаттары да мемлекет пен халықтың мүддесі жолында  шешімдер әзірлеп, қабылдайды. Бұл Қазақстанның заманауи саяси тәжірибесінде  демократия мәдениетінің негізгі құндылықтарын басшылыққа алатындығының айшықты белгісі»,-деді Нұрлан Нығматулин.

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды