К.Мәсімов БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен кездесу өткізді

21 Маусым, 2016 18:31
Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің БҰҰ Бас хатшысының Орынбасары, АИВ/ЖИТС бойынша БҰҰ Біріккен бағдарламасының (ЮНЭЙДС) атқарушы директоры Мишель Сидибемен кездесуі өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

Кәрім Мәсімов Мишель Сидибемен сәлемдесіп, АИВ/ЖИТС-тің алдын алу және емдеу, эпидемиологиялық бақылау мәселелерінде біздің елімізге қолдау көрсетіп, жәрдемдескені үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде, М.Сидибе Қазақстанның ЖИТС індетімен күрестегі тиімді жұмысын атап өтіп, денсаулық сақтау саласында екі жақты ынтымақтастықты жалғастыруға дайындығын білдірді.

 

Барлық жаңалықтар