- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Нығматулин: Қазақстанның Тұңғыш Президенті- парламентаризмнің қазақстандық үлгісінің негізін қалаушы
Н. Нығматулин: Қазақстанның Тұңғыш Президенті- парламентаризмнің қазақстандық үлгісінің негізін қалаушы
« Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық мемлекеттілікті құру мен дамыту үшін заңнамалық биліктің рөлі мен ықпалын күшейту қажеттігін баса айтқан болатын,- дей келіп, Нұрлан Нығматулин одан әрі қазақстандық парламентаризм тарихындағы маңызды кезеңдерге токталды», - делінген хабарламада.
Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Тұңғыш Президентінің бастамасымен дайындалып, 1995 жылы референдум нәтижесінде қабылданған жаңа Конституцияға назар аударды. Дәл осы негізгі заңда алғаш рет «парламент» түсінігі ресми бекітіліп, оның заңнамалық қызметтерді жүзеге асыратын еліміздің жоғарғы заң шығарушы орган болып табылатындығы анық айтылды.
Сонымен қатар Нұрлан Нығматулин Қазақстан екі палаталы парламенттік жүйеге таңдау жасаған кеңестік кезеңнен кейінгі алғашқы унитарлы мемлекет екенін атап айтты.
«Екі палаталы Парламенттік жүйеге өту заң шығармашылық үдерісінің тиімділігі мен ықпалдылығын арттырып қана қоймай, сондай- ақ, Қазақстанда демократия орнатудың тағы бір қадамына айналды»,- деді Мәжіліс Төрағасы. Оның айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болып табылатын 2007 жылғы конституциялық реформа Қазақстанда парламентаризмді дамытудың заңды жалғасы.
Сайлаушылар жекелеген үміткерлерге емес, партиялық бағдарламаларға дауыс беру мүмкіндігіне ие болды. Конституциялық түзетулердің негізгі жаңалықтарының бірі Қазақстан Халқы Ассамблеясына еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде түрлі этностардың өкілдіктерін қамтамасыз ететін ұйым ретінде конституциялық мәртебе берілуі болды.
«Қазақстан Парламенті Жоғарғы Кеңестен екі палаталы кәсіби заңнамалық органға дейінгі күрделі жолдан өтті. Парламентаризмнің қазақстандық үлгісі өзінің тиімді заң шығармашылық қызметі арқылы мемлекеттің экономикалық өркендеуіне, қоғамдық - саяси тұрақтылықты нығайтуға, ұлттық келісім мен бейбітшілікті сақтауға жол аша алатын қабілетті екенін дәлелдеді»,- деді Нұрлан Нығматулин.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады