- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық банк 500 теңгелік «Тауық жылы» ескерткіш монетасын шығарды
Ұлттық банк 500 теңгелік «Тауық жылы» ескерткіш монетасын шығарды
2017 жылғы 28 қаңтарда шығыс күнтізбесі бойынша тауық жылы кіреді.
Монеталар он екі қырлы нысанда жасалған. Күмістен және алтыннан жасалған екі монетаның бет және сырт жағындағы бейнелері бірдей. Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын (күмістен жасалған монетада – «Ag 925 31,1 gr», алтыннан жасалған монетада – «Au 999 7,78 gr») білдіретін жазу бейнеленген.
«Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу және күннің стильдендірілген бейнесі. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте шығыс күнтізбесі бойынша 2017 жылдың символы – тауық бейнеленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан», - делінген хабарламада.
Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне монетаның соғылған жылын білдіретін «2017» ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», орыс тілінде «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және ағылшын тілінде «ORIENTAL CALENDAR» деген сөздер ойып жазылған. Күңгірт жиектің ішкі жағына шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан.
Монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі. Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз және жазусыз. Монеталар: 1) 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 гр, сипатталған шеңберінің диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 3 мың дана; 2) 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы – 7,78 гр, сипатталған шеңберінің диаметрі – 21,87 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 1 мың дана.
Номиналы 500 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. «Тауық жылы» ескерткіш күміс және алтын монеталары «Шығыс күнтізбесі» монеталар сериясын жалғастыратын жетінші монеталар жұбы болып табылады. Монеталардың дизайнында Алматы қаласының «Шығыс күнтізбесі» субұрқағының мүсіндік композициясының бейнелері пайдаланылды.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты