- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада 30-дан астам қалалық жұмыс беруші бос жұмыс орындарын ұсынды
Астанада 30-дан астам қалалық жұмыс беруші бос жұмыс орындарын ұсынды
«Бес бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша 175 адам жұмысқа орналастырылды. Тиісті жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі шараға 30 жуық жұмыс беруші қатысуда, соның ішінде, бюджеттік ұйымдар мен жеке меншікті компаниялар. Негізінен, қызмет көрсету саласындағы, сондай-ақ, өндірістік компаниялар, тағам өнімдерін шығаратын компаниялар, қонақ үйлер мен мейрамханалар, балабақшалар мен емханалар», – деді Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омар.
Жұмыс іздеушілер де, жұмыс берушілер де бос орындар жәрмеңкесінің маңыздылығын атап өтуде. Елордалық Жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен өткізілетін шаралардың арқасында жеке меншікті жұмыс берушілер көп уақыттарын жұмсамай өздеріне лайықты жұмыскерлерді таба алады.
«Біз Астана қаласының дүкендеріне азық-түлік жеткізумен айналысамыз. Бос орындар жәрмеңкесі аса өзекті, мұнда қызметіміздің тұтынушыларымен тікелей тілдесеміз. Аталмыш шараға ұдайы қатысып жүреміз, жұмыскерлеріміздің 40% Жұмыспен қамту орталығы арқылы келгендер. Әр жәрмеңкеде 30 жуық адам жолығады», – дейді «Мир круп» ЖШС коммерциялық директоры Мұхамедьяр Саудегеров.
Жыл басынан бері бос орындар жәрмеңкесінің арқасында 2 858 адам жұмысқа орналастырылды. Бәрі де өзіне лайық жұмыс таба алды. Атап айтқанда, 998 адам қоғамдық жұмыстарға кірісті, 411-і кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарына жіберілді. Сонымен қатар, 254 адам жастар практикасына қабылданды.
Биыл Жұмыспен қамту орталығына бес жыл болады. Осы кезеңде 36 бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, 30 мыңдай елорда тұрғынына жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді. Бес жылда 9,5 мың адам кәсіптік даярлау және қайта даярлаудан өтті.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары