- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның ДДҰ кеңсесі АМСК бойынша 53 мемлекеттің үйлесімін қамтитын болады
Қазақстанның ДДҰ кеңсесі АМСК бойынша 53 мемлекеттің үйлесімін қамтитын болады
«Қазақстан Республикасы Алматы қаласында орналасқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қашықтықтағы кеңсесін жоғары бағалайды және Азия елдерінің Еуропалық аймағында осындай БҰҰ ірі кеңсесінің ашылуы ДДҰ мүше-мемлекеттерінің үйлесімін қамтитын болады»,-деді вице-министр.
Оның айтуы бойынша, аталмыш қашықтықтағы кеңсенің құрылуы денсаулық сақтау қызметтерін көрсету жұмыстарын күшейтуге, көбінесе, алғашқы медициналық-санитарлық көмек саласына, денсаулық сақтау жүйесінің трансформациясы бойынша Еуропалық өңірлік бюросының қолдауымен балаларға көмек көрсетуге, алғашқы медициналық-санитарлық көмек негізінде медициналық қызмет көрсету бойынша Орталық Азиядағы Еуропалық өңірде мүше - мемлекеттерге қолдау көрсетуге бағытталған.
«Біз ДДҰ Еуропалық өңірдің мүше-мемлекеттеріне біздің ТМД елдері бойынша ұжымға қосылуға, аталмыш кеңсенің жұмысына қосылуды ұсынамыз»,-деді ол.
Айта кетейік, өткен жылы Алматы қаласында алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қашықтықтағы кеңсесі ашылды. Бұл орталық АМСК мәселелері бойынша Орталық Азия аймағындағы елдер үшін үйлестірушісі рөл атқарады. ДДҰ-ның жаңа кеңсесі Қазақстанға денсаулық сақтау саласында екіжақты жобаны кеңейтуге түрткі болады.
Естерінізге сала кетейік, Астанада ТМД қатысушы мемлекеттерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығы бойынша XXVI отырысы өтті. Шара барысында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан және Украина денсаулық сақтау министрлігі мен ұйымдарының өкілдері қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі мен медицина ғылымы салаларындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Индира Қауметова
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек