- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 аясында 150-ден астам мемлекеттің туризм министрлерінің қатысуымен форум өткізілуі жоспарлануда
ЭКСПО-2017 аясында 150-ден астам мемлекеттің туризм министрлерінің қатысуымен форум өткізілуі жоспарлануда
Форум Бүкіләлемдік туристік ұйымға мүше 150-ден астам мемлекеттің туризм министрлерінің қатысуымен ұйымдастырылады, деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының баспасөз қызметі.
Бұл жөнінде Мадридте өткен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы мен Бүкіләлемдік туристік ұйым (БТҰ) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімінде белгілі болды. Құжатқа Ұлттық компания Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен БТҰ Бас хатшысы Талеб Рифаи қол қойды.
«Көрме аясында өткізгелі отырған бұл форум Қазақстандағы туризмнің тұрақты дамуы үшін тиімді алаң болады деп санаймыз. Өйткені, «Астана ЭКСПО-2017» келесі жылы ең ауқымды халықаралық іс-шаралардың бірі, ал БТҰ туризм саласындағы алдыңғы қатардағы ұйым», - деді Ахметжан Есімов.
Меморандумда Ұлттық компанияның Бүкіләлемдік туристік ұйымының «Жібек жолы» бағдарламасы бойынша жұмыс тобының отырыстарына қатысу, сондай-ақ Көрмеде жолнұсқаушы (гид) дайындау және туроператорларға арналған тренингтер өткізу мәселелері қамтылды.
«Қол қойылған меморандум біздің ұйымдар арасындағы екі жақты ынтымақтастықты жаңа бір деңгейге шығарып, Қазақстанның туристік бренд ретінде ілгерілеуіне мейлінше ықпал етеді деп үміттенемін», - деп атап өтті Талеб Рифаи.
Айта кету керек, өткен аптада Мадридте «ЭКСПО-2017» Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов басқарған делегация «ТУРИСПАНИЯ» ұйымымен сәтті келесім жүргізген болатын. Екі жақ ірі халықаралық іс-шаралар кезінде шетелдік туристерді тарту мен қабылдау мәселесі, сондай-ақ Қазақстандағы туристік бағыттарды ілгерілету бойынша келесімді жалғастыратындығын айтты.
Сонымен қатар, Парижде өткен Халықаралық Көрмелер бюросының (ХКБ) Бас Ассамблеясының 159-сессиясында «Астана ЭКСПО-2017» делегациясының есепті баяндамасында келесі жылдан бастап Қазақстан бір жақтық тәртіпте басым көпшілігі Еуроодаққа кіретін Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше Монако, Малайзия, Сингапур және басқа да 35 мемлекеттерді визалық режимнен босататындығын айтқан болатын.
Бұл шешім Қазақстандағы халықаралық іс-шараларға, әсіресе Астанадағы ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесіне шетелдік туристердің келуіне ықпал етеді.
Бүкіләлемдік туристік ұйым Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі болып табылады. Оның құрамында 156 мемлекет, 6 аумақ пен жеке сектор, оқу орындары, туристік қауымдастық пен жергілікті әкімшіліктен құралған 400 қауымдастық мүшелері бар.
Ұйымдастырушылардың пайымдауынша, Көрмеде 5 миллионнан астам келуші болады. «ЭКСПО-2017» барысында 3 мыңнан астам тақырыптық және ойын-сауық шаралары ұйымдастырылады.
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді