- Басты
- Жаңалықтар
- ҰЭМ экономика өсімін қамтамасыз ету үшін үш бағыт бойынша шараларды әзірледі (ФОТО)
ҰЭМ экономика өсімін қамтамасыз ету үшін үш бағыт бойынша шараларды әзірледі (ФОТО)
«Мұнай өндіру саласын қолдау бойынша көзделген шаралардың нәтижесінде мұнай өндіру көлемі жоспарлы 74,0 млн. тоннаның орнына 75,0 млн. тоннаға дейін жеткізілетін болады. Сондай-ақ Қашағанда мұнай өндіруді 2016 жылғы қазанда бастауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданатын болады, бұл ағымдағы жылы қосымша 500 мың тонна мұнай өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады», - деді Қ.Бишімбаев.
Оның айтуынша, мұнай өңдеуде мұнай өңдеу зауыттарының жоспарлы жөндеу мерзімдері оңтайландырылатын болады, бұл қосымша 150 мың тонна мұнай өңдеуге мүмкіндік береді.Көмір өндіруді ұлғайту үшін ағымдағы жылдың соңына дейін энергия объектілерінде отынның нормативтік қорларын қалыптастыру бойынша бақылау күшейтілетін болады.
«Инфляцияны төмендету және өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдау, сондай-ақ елдің ірі электр станцияларының толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында электр энергиясына шекті тарифтерді төмендету жөніндегі мәселе ағымдағы жылғы 15 шілдеге дейін қаралатын болады», - деді ол.
«ССКБӨБ» АҚ-ның темір кені шикізатын Қытай мен Ресейге жеткізуді ұлғайту бойынша шаралар қабылданатын болады, оның ішінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне уақытша төмендету коэффициентін ұсыну арқылы, ол 2016 жылы темір кені шикізатын жеткізуді 6,4 млн. тоннадан 6,7 тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді министр.
Жалпы өңдеу өнеркәсібінде өсуді ынталандыру үшін магистральдық теміржол желісі және электр энергиясы қызметтеріне уақытша төмендету коэффициентін, жеңілдікті шартпен айналым капиталын, лизингтік қаржыландыруды және экспорттық/экспорталды кредиттеуді ұсыну жөніндегі, сондай-ақ сыртқы сауданы реттеу шаралары қабылданатын болады.
Анар Тәңірқұлова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі