• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЖІӨ-нің төмендеуі 2016 жылғы қаңтар-сәуірдің қорытындылары бойынша 0,2%-ға бәсеңдеді – ҰЭМ

ЖІӨ-нің төмендеуі 2016 жылғы қаңтар-сәуірдің қорытындылары бойынша 0,2%-ға бәсеңдеді – ҰЭМ

21 Маусым, 2016 10:53
ЖІӨ-нің төмендеуі 2016 жылғы қаңтар-сәуірдің қорытындылары бойынша 0,2%-ға бәсеңдеді, деді Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкіметтің отырысында.

«Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың соңына дейін экономиканың оң өсуін қамтамасыз ету бойынша тапсырмасын орындау мақсатында Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдармен бірлесіп 2016-2017 жылдары экономикалық өсуді ынталандыру және жұмыспен қамту жөніндегі қосымша шаралар жоспарын әзірледі», - деді Қ.Бишімбаев.

Министрдің айтуынша, сыртқы және ішкі даму факторларын ескере отырып, елдің ЖІӨ-нің төмендеуі 2016 жылғы қаңтар-сәуірдің қорытындылары бойынша 2016 жылғы қаңтар-мамыр қорытындысы бойынша 0,4%-ға қарағанда 0,2%-ға бәсеңдеді.

«ЖІӨ-нің өсуіне ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымының 2,7%-ға, азық-түлік өндірісінің – 3,1%-ға, құрылыс көлемінің - 6,8%-ға, көлік қызметінің - 4,1%-ға, сонымен қатар, түсті металл кендерін өндірудің 9,6%-ға және түсті металдар өндірісінің - 12,4%-ға ұлғаюы әсер етті», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар