- Басты
- Жаңалықтар
- 13 мыңнан астам шалғай станция тұрғындары медициналық қызметпен қамтылды
13 мыңнан астам шалғай станция тұрғындары медициналық қызметпен қамтылды
Мамыр айынан бастап «доңғалақты емхана» барлық аймақтарға қызмет көрсетуді бастады. Онда алғашқы дәрігерлік көмек, кәсіби кеңестер, барлық кешенді дәрігерлік тексеру жасалады. Бірқатарын жақын маңдағы медициналық орталықтарға жібереді.
Аталмыш мерзімде медициналық пойыздардағы дәрігерлер 58 станцияда болып, 13 мыңнан астам жергілікті тұрғынды медициналық қызметпен қамтыды. 13 мың адамның әрқайсысы шамамен 8,5 маман дәрігерге көрінген. Яғни, олар 71603 рет маман дәрігерлердің қарауында болған. Маман дәрігерлер пойыздың үстінде 24 815 медициналық сараптау жүргізіп, дәрігерлік зерттеулер жасаған. Оташы дәрігерлер 3290 рет шағын оташылық жасады. 3646 адам тіс дәрігерінен ем алды.
«Медициналық пойыз» жобасын 2010 жылдан бері «Самұрық Қазына» АҚ компаниялар тобы мен «Samruk – Kazyna Trust» арнайы жобалар даму қоры қолдап келеді. Жоба бойынша негізгі мақсат - респубиканың шалғай орналасқан елді мекендерін барынша сапалы медициналық қызмет түрлерімен қамту болып табылады.
«Денсаулық», «Жәрдем», «Саламатты Қазақстан» кеңес беру диагностикалық пойыздары теміржолшылар мен шалғай станциядағы әлеуметтік аз қамтылған, халықтың тұрмысы төмен бөлігіне тегін қызмет көрсетеді.
Аталмыш пойыздар тамыздың ортасына дейін республиканың барлық өңірлерін қамтуды жоспарлап отыр.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді