- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР мен РФ-ның сот пен құқық қорғау органдары ынтымақтастық мәселелерін талқылады
ҚР мен РФ-ның сот пен құқық қорғау органдары ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Делегация құрамында Әділет министрлігінің, Тергеу комитетінің, Жоғарғы соттың, Федералдық адвокаттар палатасының, Мәскеу заң академиясының және т.б. өкілдері бар.
Кездесуге қатысушылар қазақстандық және ресейлік құқық қорғау органдарының одан әрі ынтымақтастығының, заңдылықты қамтамасыз етудегі және қылмыспен күрестегі прокуратураның үйлестірушілік рөлін күшейтудің перспективалық бағыттарын талқылады. Сұхбаттасушылар қазіргі заманның сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлеріне тиімді қарсы тұру, аймақта тұрақтылықты нығайту үшін өзара әрекет етуді жандандырудың маңыздылығын атап өтті.
Бас Прокурор қонақтарға қадағалау органдарының сот ісін жүргізудегі бітімгершілік рәсімін енгізу, қылмыстық, қылмыстық-процестік және азаматтық-процестік заңнамаларды жаңғырту жөніндегі бастамалары туралы ақпарат берді.
Сондай-ақ құқық қорғау және сот жүйесіндегі реформалармен, Қазақстанда прокурорлық кадрларды іріктеу және дайындау тетіктерін жетілдірумен байланысты мәселелер талқыланды.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кәсіби дайындау туралы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұлан Байжанов баяндап берді.
В.Яковлев жылы қабылдау және мазмұнды сұхбат үшін алғыс білдіріп, осы кездесудің нәтижелі ынтымақтастықты одан әрі арттыру, екі елдің құқықтық жүйелерін дамыту тәжірибесімен алмасу жолында маңызды қадам болатынын атап өтті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды