- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада халықаралық театр фестивалі ашылды
Астанада халықаралық театр фестивалі ашылды
Апта бойы елордалық театр сахналарында Астана, Алматы, Жезқазған, Орал, Өскемен, Шымкент, Семей қалаларының, сондай-ақ мәскеулік «Театр Луны» және киевтік «PaperWall» театрларының труппалары өз өнерлерін ортаға салады. Биыл шараға 11 театр қатысады.
«Бұл өте қызық фестиваль. Біздің басқа да қазақстандық шараларға қарағанда «Сахнадан сәлем!» нағыз мереке, мұнда достар мен кәсіпқойлар кездеседі, шығармашылық практикамен және тәжірибемен алмасады. Фестивальдің құндылығы да осы», - деді театр сыншысы және драматург Еркін Жуасбек.
2013 жылдан бері фестивальге Қазақстанның барлық өңірлерінің, сондай-ақ, таяу және қиыр шетелдердің: Ресей, Литва, Түркия, Дагестан, Грузия театрлары қатысты.
IV халықаралық театр фестивалінің құрметті қонақтары әрі қазылар алқасы құрамында танымал драматург, театр сыншысы Еркін Жуасбек, ҚР халық әртісі, Гүлжахан Әспетова, Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов, сондай-ақ шетелдік қонақтар Мәдениет қайраткерлерінің астаналық цехі кеңесінің мүшесі Игорь Краснопольский және театртанушы Мария Юрьева сынды өнер қайраткерлері болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары апта ішінде «Антракт» драмасын, «ОнОнаЖизнь» визуалды-пластикалық спектаклін, «Қара шекпен» мысалын, «Зверь» фантастикалық тарихын, «Құлан қыпшақ – Кейкі батыр» тарихи драмасын, «Пробуждение» трэш-драмасын, «Бас», «Жалт еткен бір сәуле», «Бір кем дүние» драмаларын тамашалайды. Спектакльдер бағдарламасы төменде ұсынылған.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды