ҚР Президенті 2016 жылдың соңына дейін бес елге ресми сапармен барады

20 Маусым, 2016 15:54
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылы ресми сапармен Жапония, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Иордания, Қырғызстан елдеріне барады, деді Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанадағы халық алдында берген есебінде.

«Биыл Елбасының Жапония мен Оңтүстік Кореяға сапары жоспарлануда. Басты назар Қазақстанның аталмыш елдермен экономикалық байланысына аударылады. Саяси салада да әңгімелесу аз болмайды», - деді Е.Ыдырысов.

Сондай-ақ, биыл ҚР Президентінің Сауд Арабиясы, Иордания, Қырғызстан елдеріне сапары күтілуде.

Анар  Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар