- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатта Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысы талқыланады
Сенатта Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысы талқыланады
Сенаторлар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісімді; Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы; Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобаларын қарайды.
Депутаттар «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» заң жобасын да қарайтын болды.
Бюро Қаулысымен Сенат отырысының күн тәртібіне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне тағайындау туралы мәселе де енгізілді. Бюрода Мәжілістен түскен заң жобалары бөлініп берілді. Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді.
Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралызаң жобасын пысықтауға және қорытынды әзірлеуге жауапты болып белгіленді.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
М.Әбенов: Жер тек жұмыс істеймін деген азаматқа ғана жалға берілу керек -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ -
«Рухани жаңғыру»: 4 жылда не өзгерді -
Жамалбек Шәріпбек: Түркістанның жаңа статусы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда -
Расул Жұмалы: Жер комиссиясы, латифундистер мен 10 сотық жер туралы