- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да 2016-шы жылы құны 4 млрд. доллар болатын 6 қытайлық кәсіпорынның құрылысы басталады
ҚР-да 2016-шы жылы құны 4 млрд. доллар болатын 6 қытайлық кәсіпорынның құрылысы басталады
«Қытай тақырыбы – бүгін трендке айналып отыр. Қытайдың әлемдегі жаңа рөлін түрлі аймақтық процестерде айтып жатыр және барлығы талқылауда. Сондай-ақ, Вашингтон, Лондон және Мәскеудегі түрлі сараптамалық диалогтық алаңдарда да талқылануда. Қытай тақырыбына деген қызығушылық тек «Бір белдеуге-Бір Жолға» концепциясына ғана емес, Қытайдың өзі де және оның жалпы саясаты да өзгеруде. Сондықтан, бүгінгі таңда аймақтануды дамыту мәселесі, әсіресе қытайтану мәселесі өзекті болып тұр. Осындай ұлы державамен шекараласатын Орталық Азия елдері академиялық және ғылыми негізде үлкен көршілерін зерттеп, меңгеріп жатыр»,-деп мәлімдеді Е.Қарин.
Оның айтуынша, Қазақстан Қытаймен қарым-қатынаста үлкен маңыз береді. 2015-ші жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары болғаны белгілі. Ондағы сапар қортындысы бойынша жалпы құны 23 млрд. доллар болатын құжатқа қол қойылды. Өткен жылғы сапар қазақстандық-қытайлық қарым-қатынастың өзгешелігін көрсетті. Көптеген уақыттан бері біздің елдер энергетикалық және ресурсөндіру салаларындағы ынтымақтастықты іске асырып келді. Қазір қытайлық кәсіпорындарды Қазақстан аумағына «ауыстыру» аясында 51 өңдеу жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Яғни, экономиканың өңдеу саласына басымдық берілмек. Нәтижесінде сапалы отандық өнімді шығаратын жоғары технологиялы кәсіпорындар құрылады, 15 мың жаңа жұмыс орыны ашылатын болады, деп күтілуде.
«2016-шы жылы Қазақстанда жалпы сомасы 4 млрд. доллар болатын 6 қытайлық кәсіпорынның құрылыс жұмыстары басталады. Бұл тұрғыда кейбір сарапшылар қытай экспансиясы тақырыбын гулетеді. Бірақ, сандар басқаша сөйлейді. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша, 2016-шы жылдың басында Қазақстанда қытайлықтарды қосқанда 2,5 мың компания тіркелген. Олардың 500-ден астамы қазақстандық-қытайлық бірлескен кәсіпорындар. Қытайлық компаниялардың басым көпшілігі сауда мен құрылыс салаларында тіркелген. Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған шетелдік компаниялардың қатарында Қытай Ресей, Түркия, Нидерланд және Германиядан кейін 5-ші орында тұр. Үлесіне 9 мың кәсіпорын тиесілі»,-деп түсіндірді Е.Қарин.
Индира Қауметова
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Абай жылының айшықты тұстары -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды