- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында дәрігерлік амбулатория ашылды (ФОТО)
Қызылорда облысында дәрігерлік амбулатория ашылды (ФОТО)
Дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасты.
Түгіскен тірек елдімекендердің қатарына қосылған ауыл. Сондықтан мұнда әлеуметтік нысандар бой көтеріп, жолдар жөнделіп, жарықтандыру мәселесі де шешімін табуда. Келесі жылы 300 орындық жаңа мектеп салынып, пайдалануға беріледі. Осылайша тірек ауылдарды дамыту арқылы әлеуеті төмен елдімекен тұрғындарын тұрақты жұмысқа тартуға мүмкіндік туады.
“Соңғы 3 жылда облыстың денсаулық сақтау саласы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуда біршама жұмыстар атқарылды. Жалағаш, Қармақшы мен Сырдария, Шиелі аудандарында ауруханалар ашылып, 30-ға жуық дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік акушерлік бекеттер салынып, іске қосылды. Жыл соңына дейін Жаңақорғандағы аудандық ауруханының құрылысын аяқтап, пайдалануға береміз”, - деді облыс әкімі.
Облыста денсаулық сақтау саласын дамыту үшін арнайы бағдарлама әзірленді. Сондай-ақ, биыл алғаш рет резидентурада білім алу үшін облыс әкімінің 25 гранты бөлінді. Жалпы денсаулық сақтау саласына қаржы бөлуден облыс республикадағы аймақтар арасында көш бастап тұр.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді