- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында 30,2 млрд теңгеге цемент зауытының құрылысы басталды (ФОТО)
Қызылорда облысында 30,2 млрд теңгеге цемент зауытының құрылысы басталды (ФОТО)
Құны 30,2 млрд. теңгені құрайтын бұл инвестициялық жоба «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумы аясында «Мелиоратор» ЖШС мен ресейлік «Глобальная безопасность» ЖАҚ-ы арасында жасалған келісім негізінде жүзеге аспақ.
Зауыттың алғашқы іргетасын қалау шарасына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен жобаны жүзеге асырушы «Глобальная безопасность» ЖАҚ, «Мелиоратор» ЖШС-нің басшылары қатысты.
Құрылыс жұмыстары барысында мұнда 250 адам жұмыс істейді. Ал өндіріс орны толық іске қосылғанда, 320 адам тұрақты жұмысқа тартылмақ.
“Озық технологияға негізделген мұндай жобаның жүзеге асырылуы ең алдымен өңір экономикасы үшін қажет. Жаңа жұмыс орындары ашылып, салық базасын нығайтуға да септігін тигізеді. Жаңа технологияның арқасында зауыт экологиялық таза, қоршаған ортаға зиян келтірмейтін болады. Сондай-ақ, бұл құрылыс саласына пайдаланылатын цемент өндіретін облыстағы алғашқы зауыт болады”, - деді облыс әкімі.
Жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытып отырған «Глобальная безопасность» ЖАҚ-ы әлемнің 15 мемлекетінде жұмыс істейтін цемент зауыты құрал-жабдығын шығаруда тәжірибесі бар компания.
“Зауытты Жаңақорған ауданынан салуымыз кездейсоқтық емес. Өндіріс орнына қажет шикізатты осы ауданнан таптық. Сонымен қатар, инвесторлар үшін Қызылорда облысында барлық жағдай жасалған. Жергілікті билік өндіріс орнын саламын деушілерге инфрақұрылымын жеткізіп беріп, жобаны жүзеге асыруға барынша қолдау көрсетеді. Оған толық көзім жетті. Осындай үлкен жобаларға инвестор тартуда инвестициялық форумның пайдасы зор екенін айтқым келеді. Мен де облыста өткізілетін «Байқоңыр» инвестициялық форумына екі рет келіп қатысып, осы сияқты перспективалық жобаны «Мелиоратор» компаниясымен бірлесіп жүргізуге шешім қабылдадым”, - дейді «Глобальная безопасность» ЖАҚ бас директорының орынбасары Эдуард Фельд.
Бұл өндіріс орнының Қазақстандағы басқа цемент зауыттарынан айырмашылығы автоматтандырылған құрал-жабдыққа жұмсалатын энергошығындардың аз болғандығы өнім құнының төмен болуына ықпал етеді. Алайда, бұл өнімнің сапасына ешқандай кері әсерін тигізбейтінін айтады мамандар.
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды