• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕЭК және Газпром ЕАЭО-ның ортақ газ нарығын қалыптастыру мәселесін талқылады

ЕЭК және Газпром ЕАЭО-ның ортақ газ нарығын қалыптастыру мәселесін талқылады

20 Маусым, 2016 08:59
ЕЭК Коллегия Төрағасы Тигран Саркисян және «Газпром» КАҚ басқарма төрағасы Алексей Миллер ЕАЭО-ның ортақ газ нарығын қалыптастыру мәселесін талқылады, деп ЕЭК баспасөз қызметі хабарлайды.

Санкт-Петербург қаласында Халықаралық экономикалық форум 2016 Петербургтік алаңында Еуразиялық экономикалық комиссиясының Коллегия Төрағасы Тигран Саркисян мен «Газпром» КАҚ басқарма төрағасы Алексей Миллермен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ортақ газ нарығын қалыптастыру мәселесін талқылады. Естерінізге сала кетейік, 31 мамыр айында Астанада жоғары ЕАЭО отырысында Одақ елдерінің Президенттері ЕАЭО ортақ газ нарығын құру тұжырымдамасын мақұлдады.

Осыған орай, Тигран Саркисян «Газпром» төрағаларының қатысуымен жүйелік кездесулерді өткізіп тұруды ұсынды. 

Барлық жаңалықтар