• Басты
  • Жаңалықтар
  • М. Елеусізов: Шетелдіктерге жалға берілген жер қысқа мерзімді және мемлекеттің қатаң бақылауында болуы тиіс

М. Елеусізов: Шетелдіктерге жалға берілген жер қысқа мерзімді және мемлекеттің қатаң бақылауында болуы тиіс

18 Маусым, 2016 13:47
Жер сатылмауы керек, ал жалға беру мерзімі қысқа болуы тиіс. Бұл туралы Жер реформасы жөніндегі комиссияның бүгінгі отырысында эколог Мэлс Елеусізов мәлімдеді.

«Жер шетелдік азаматтарға сатылмауы керек, ал жалға беру қысқа мерзімді және мемлкеттің қатал бақылауында болуы тиіс. Жалға берушілерді қатаң түрде бақылайтын арнайы комиссия болуы керек. Барлық жер бірдей емес. Алматыға қараңыздр, бұл жерде ағын болуда. Ол сенімсіздікті жою керек және жер туралы референдум өткізуіміз керек. Жерді жалға беру мен сату туралы мәселеге нақты нүкте қою керек. Адамдарға ауыл шаруашылықпен айналысуға мүмкіндік беру керек»,-деді М. Елеусізов.

Естерінізге сала кетейік, Алматы облысында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен жұртшылықпен жер реформасы бойынша Комиссия мүшелерінің кездесуі өтуде.

 

Барлық жаңалықтар