- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да Мәжіліс жанындағы заңнамалық институт құру қажет - М.Әшімбаев
ҚР-да Мәжіліс жанындағы заңнамалық институт құру қажет - М.Әшімбаев
«Уақыт өте келе Мәжiлiс жанынан заң шығару институтын құру қажет деп есептеймiн. Бұл институт үкiметтен қаралуға келiп түсетiн заң жобаларына сараптама жүргiзiп, оларға баға бере алар едi және депутаттарға оларды жақсартуға септiгiн тигiзер едi», - деген өз ойын ортаға салды М.Әшiмбаев.
Журналистер сауалдарына жауап берген сәтте мәжiлiсмен мұндай институттың қажеттiгiн тек өзiнiң жеке пiкiрi екендiгiн айқындап өттi.
«Мұнадай институтты құру шешiмi қабылданбаған. Оны тек Мәжiлiс басшылығы шешедi. Менiң айтайын дегенiм, әрбiр заң – ол адамдардың тағдыры. Әрбiр заң қабылданғаннан кейiн ол елiмiздегi маңызды үдерiстерге әсер етедi. Заңға салғырт қарауға болмайды, олар мұқият сарапталып жасалуы керек. Сонда ғана бiз бүгiнгi жағдайға, болашақ жағжайға жұмыс iстетiн боламыз. Бiзге әрдайым сапалы заң жобалары келiп түспейдi. Осы жылдың iшiнде үкiметтiк құрылымдармен бiрлесе, қайта өңделiп жасалған задар бiрқатар болды», - деп түнсiндiрiп өттi ол.
Депутаттың айтуынша, бүгiнгi күнi Мәжiлiсте апараттық ресурстар жеткiлiксiз.
«Бiзде мұндай институт, орталық жоқ. Бүгiнгi күнi депутаттар өздерi iстейдi, оған тиiстi аппараттың бөлiмшiлерi көмектеседi. Егер де осы бағытта белгiлi бiр қадамдар қабылданса, бұл заңдар сапасын арттырар едi. Бiз де мұқият жұмыс iстер едiк. Қабылданған заңның әрдайым өзгерiп отырғаны дұрыс емес. Мұндай жағдайлар бүгiнде бар. Заң қабылданғаннан кейiн оған әрдайым түзетулер енгiзледi. Бұл парламент пен үкiметке оң баға бере алмайды. Бүгiнг күнi тиiстi мүмкiндiктер мен ресурстар жеткiлктi емес», - деп түйiндедi Әшiмбаев.
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Білім беру гранттарын тағайындау: Қандай құжаттар қажет -
Н.Дементьева: Халықтың әлеуметтік жағдайы түзелмесе, басқа жетістікпен мақтанудың қажеті жоқ -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Шомылу маусымында нені ескеру қажет -
Экономикалық зерттеулер институтына - 60 жыл