- Басты
- Жаңалықтар
- Қарулы Күштер қатарын жаңа толықтырғандар ант қабылдады
Қарулы Күштер қатарын жаңа толықтырғандар ант қабылдады
Бұл күні 500-ге жуық мерзімді қызметке шақырылған әскери қызметші Отанға адал болу үшін ата-аналарының, командирлері мен қызметтестерінің, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы және ҚР Қарулы Күштер ардагерлерінің алдында ант қабылдады. Олар қасиетті борышын өтеу үшін Астана мен Алматы қалаларынан, сондай-ақ Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Алматы, Оңтүстік-Қазақстан, Батыс-Қазақстан және Шығыс-Қазақстан облыстарынан келді.
Әскер қатарын толықтырғандар медициналық комиссиядан өтті. Тәжірибелі дәрігерлер мен психологтар әскерге жаңа шақырылғандардың моральдық-психологиялық жағдайы мен денсаулығын анықтай отырып қатаң іріктеуден өткізді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарын толықтыра отырып олар Отанды қорғаудағы қасиетті әскери міндетін атқарады және елге қалтықсыз қызмет етеді.
Қазіргі уақытта армияға дені сау, білімді, сонымен қатар моральдық тұрғыда берік жастар алынуда. Олар біздің даңқты жауынгерлік дәстүріміздің лайықты мұрагерлері, сондай-ақ елімізді кірпік қақпай қорғауда қызмет етудің тамаша үлгісі болары анық. Әскери ант – әскерге шақырылушының алдындағы ерекше маңызды сәт, себебі Отан алдында адал болу үшін ант қабылдаған сәттен бастап оның өмірінде нағыз әскери қызмет басталатынын айта кеткен жөн.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер