• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сағынтаев: Шамамен 9 маң қазақстандық жер реформасының мәселесі бойынша Call-орталыққа қоңырау шалған

Б.Сағынтаев: Шамамен 9 маң қазақстандық жер реформасының мәселесі бойынша Call-орталыққа қоңырау шалған

18 Маусым, 2016 11:34
Шамамен 9 мың қазақстандық жер реформасына қатысты сұрақтармен құрылған Call-орталыққа жүгінген, деп Алматы облысының жұртшылығымен өтіп жатқан кездесуде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары , комиссар төрағасы Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

«Халық арасында түсіндірме жұмыстарын өткізу мақсатында  14 мамыр айынна бастап Call-орталық жұмыс жасайды. Бүгінгі күні шамамен 9,5 мың адам қоңырау шалды. Оның ішінде шамамен 500 адам Алматы облысынан қоңырау шалды, және тек 1,3 пайызы ғана жер реформасы бойынша мәселемен жүгінді. Шамамен 75% жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алу мәселесіне қатысты хабарласты»,-деді Б.Сағынтаев.

Бүгін жер реформасы бойынша Комиссия мүшелері Алматы облысының жұртшылығымен «Байсерке-Агро» ЖШС базасында кездесу өткізіп жатыр.

Жер реформасы комиссияның негізгі міндеттері жер заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар ережелерін қайта қарау және жасау.

Барлық жаңалықтар