- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысының әкімі 157 түлекке «Алтын белгі» төсбелгісін табыстады (ФОТО)
Ақтөбе облысының әкімі 157 түлекке «Алтын белгі» төсбелгісін табыстады (ФОТО)
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев білім ордаларымен қош айтысып жатқан оқушыларды өмірлеріндегі маңызды оқиғамен құттықтады.
«Мемлекет басшысы қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті болуы үшін негізгі фактор болып саналатын білім жүйесінің дамуына айырықша назар аударады. Өскелең ұрпаққа білім беру мақсатында елімізде жыл сайын жаңа білім беру нысандары ашылуда. Соңғы үш жылда өңірде білім саласын дамытуға 164 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді, 30 жаңа мектеп салынды. Құрметті түлектер, сіздерге еліміздің үмітін ақтаңдар дегім келеді, ата-аналарыңның армандарын орындап, жаңа белестерді бағындыра берулеріңе тілектеспін. Естеріңізде болсын, Сіздер біздің мемлекеттің болашағысыздар», - деді Бердібек Сапарбаев.
Өңір басшысы өз еңбегімен, білімімен аймақтың абыройын асқақтатып жүрген жастарға, ҰБТ қорытындысы бойынша үздік көрсеткіштерге қол жеткізген түлектерге ерекше алғысын білдірді.
Облыс әкімі биылғы оқу жылында 48 ақтөбелік мектептің халықаралық білім сайыстарында Ақтөбе облысының беделін жоғарылатқанын тілге тиек етті. 157 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды, тағы 244 түлек ерекше үлгідегі аттестат алды. ҰБТ қорытындысы бойынша, ең жоғарғы балды Мұғалжар ауданы А.Жұбанов атындағы мектебінің оқушысы Құлшар Қалыбек жинады.
Сонымен бірге жақсы көсеткіштерге қол жеткізіп жүрген мектептердің қатарында Ақтөбе қаласындағы № 15, 21, 51 мектептері, №3 Алға орта мектебі, Ырғыз ауданындағы Ырғыз гимназиясы, Темір ауданында Шұ барқұдық гимназиясы, Хромтау ауданының №5мектеп-гимназиясы бар.
Құттықтау сөзін аяқтай келе Бердібек Сапарбаев «Алтын белгі» иегерлеріне алғыс хаттар мен еліміздің кез келген оқу орнына түсуге мүмкіндік беретін құжаттарды табыс етті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі