• Басты
  • ҚР-да Мәжіліс жанындағы заңнамалық институт құру қажет - М.Әшімбаев
26 Қараша, 2013 16:09

ҚР-да Мәжіліс жанындағы заңнамалық институт құру қажет - М.Әшімбаев

Депутаттардың заңнамалық бастамасыларын iске асыруға қажеттi шарттарды құру қажет. ҚР Президентi жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай мәлімдеді.
ҚР-да Мәжіліс жанындағы  заңнамалық  институт құру қажет - М.Әшімбаев | Strategy2050.kz

«Уақыт өте келе Мәжiлiс жанынан заң шығару институтын құру қажет деп есептеймiн. Бұл институт үкiметтен қаралуға келiп түсетiн заң жобаларына сараптама жүргiзiп, оларға баға бере алар едi және депутаттарға оларды жақсартуға септiгiн тигiзер едi», - деген өз ойын ортаға салды М.Әшiмбаев.

Журналистер сауалдарына жауап берген сәтте мәжiлiсмен мұндай институттың қажеттiгiн тек өзiнiң жеке пiкiрi екендiгiн айқындап өттi.

«Мұнадай институтты құру шешiмi қабылданбаған. Оны тек Мәжiлiс басшылығы шешедi. Менiң айтайын дегенiм, әрбiр заң – ол адамдардың тағдыры. Әрбiр заң қабылданғаннан кейiн ол елiмiздегi маңызды үдерiстерге әсер етедi. Заңға салғырт қарауға болмайды, олар мұқият сарапталып жасалуы керек. Сонда ғана бiз бүгiнгi жағдайға, болашақ жағжайға жұмыс iстетiн боламыз. Бiзге әрдайым сапалы заң жобалары келiп түспейдi. Осы жылдың iшiнде үкiметтiк құрылымдармен бiрлесе, қайта өңделiп жасалған задар бiрқатар болды», - деп түнсiндiрiп өттi ол.

Депутаттың айтуынша, бүгiнгi күнi Мәжiлiсте апараттық ресурстар жеткiлiксiз.

«Бiзде мұндай институт, орталық жоқ. Бүгiнгi күнi депутаттар өздерi iстейдi, оған тиiстi аппараттың бөлiмшiлерi көмектеседi. Егер де осы бағытта белгiлi бiр қадамдар қабылданса, бұл заңдар сапасын арттырар едi. Бiз де мұқият жұмыс iстер едiк. Қабылданған заңның әрдайым өзгерiп отырғаны дұрыс емес. Мұндай жағдайлар бүгiнде бар. Заң қабылданғаннан кейiн оған әрдайым түзетулер енгiзледi. Бұл парламент пен үкiметке оң баға бере алмайды. Бүгiнг күнi тиiстi мүмкiндiктер мен ресурстар жеткiлктi емес», - деп түйiндедi Әшiмбаев.

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды