- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды
Қызылорда облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды
Сондай-ақ, бірқатар сала қызметкерлері Денсаулық сақтау министрлігі мен облыстың Құрмет грамоталарымен, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі» белгісімен марапатталды.
Аймақ басшысы дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Д.Назарбаеваның құттықтау хатын жеткізді.
- Қазіргі таңда қан айналым жүйесі аурулары жалпы аурушандықтың басым бөлігін құрап, өлім жітім құрылымындағы негізгі себептің бірі болып отыр. Осыдан да өңірде кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметтерді жетілдіру шараларына баса мән беріп, мамандардың шет елдерде білімдерін жетілдіруіне күш салдық. Ізденісіміз текке кетпеді. Облыстық кардиохирургиялық орталық ашылып, осы уақытқа дейін аталмыш орталықта 4000-нен астам ота жасалды, олардың 600 –дейі - ашық жүрекке жасалса, 5 мыңнан астам коронография жүргізіліп, 1500 науқасқа стент қойылды. Ұлт саулығы мемлекеттің негізгі капиталы десек, сол баға жетпес қазынаны қызғыштай қорып жүрген Сіздердің еңбектеріңіз қашанда жоғары бағаланады, - деді облыс әкімі
Соңғы 3 жылда облыстың денсаулық сақтау саласы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуда біршама жұмыстар атқарылды. Жалағаш, Қармақшы мен Сырдария, Шиелі аудандарында ауруханалар ашылып, 30-ға жуық дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік акушерлік бекеттер салынып, пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін Жаңақорғандағы аудандық ауруханының құрылысы аяқталатын болады. Сонымен қатар, Қазалы ауданынан аурухана салу үшін қаржы мәселесі шешімін тапты. Облыста денсаулық сақтау саласын дамыту үшін арнайы бағдарлама әзірленді. Сондай-ақ, биыл алғаш рет резидентурада білім алу үшін облыс әкімінің 25 гранты бөлінді.
Облыста 175 орындық өңірлік онкологиялық орталық ашу жоспарлануда. Жыл басынан бері қатерлі ісікке шалдыққан ауыр науқастардың өмірін ұзарту, күтуге бағытталған паллиативтік көмек бөлімі ашылып, қызмет көрсете бастады.
Қазалы теміржол ауруханасы базасында нейроинсульттік орталық, облыстық перинаталдық орталықтан әйелдерге арналған оңалту бөлімі, күні кеше облыстық медициналық орталық жанынан офтальмохирургиялық орталық ашылды. Көз аурулар бөлімінде жылына 1100-1200 жуық ота жасалса, бұл көрсеткіш 1,5 есе көбейеді деп күтілуде.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда