• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев пен В.Путин ЕАЭО аясындағы интеграциялық үдерістердің дамуына қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады

Н.Назарбаев пен В.Путин ЕАЭО аясындағы интеграциялық үдерістердің дамуына қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады

17 Маусым, 2016 18:36
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың негізгі салалары мен бағыттарын қамтитын, сондай-ақ  Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық  үдерістердің дамуына қатысты  кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Бұдан бөлек, әлемдік және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер мен өзара ынтымақтастықты одан әрі тереңдете түсу перспективалары қарастырылды.  

 

 

Барлық жаңалықтар