- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Өз кәсібінің үздігі» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды
Астанада «Өз кәсібінің үздігі» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды
Тамара Дүйсенова еліміздегі медицина саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтай отырып, қазақстандықтар мен ұлт болашағының денсаулығын қамтамасыз етуге бар күш-жігерін салатын дәрігерлердің еңбегі ыстық ықылас пен зор алғысқа лайық екенін атап айтты.
«Қалжыраған тән мен қасірет төнген жанға араша болар тек бір ғана маман иесі бар, ол – дәрігер. Әлемде дәрігерден асқан қайырымды жан, дәрігер кәсібінен маңызды мамандық жоқ шығар. Құрметті дәрігерлер мен мейіргерлер, ауруханалар мен емхана қызметкерлері, профессор-оқытушылар, медициналық білім беру мекемелерінің ұстаздары, сіздерді өзімнің және Қазақстан халқының атынан кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сонымен бірге, Министр еліміз тарихындағы қысқа ғана уақытта заманауи денсаулық сақтау инфрақұрылымы жасалып, кадрлық потенциал дамытылып келе жатқанын, саланы қаржыландыру ұлғайтылып отырғанын атап айтты.
«Еңбекақы төлеуде емдеу мекемелері басшыларының құқықтары артты. Жұмыс істеген сағатына қарап ақы төлеудің ескі моделі ауыстырылып, соңғы нәтижеге байланысты төленетін болды. Енді еңбекақы көбіне емдеу сапасы мен пациенттің қанағаттану деңгейіне қарай төленеді» - деп хабарлады Тамара Дүйсенова.
Салтанатты жиында 8 аталым бойынша «Кәсібінің үздігі» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды:
«Үздік дәрігер» - Алматы қаласы И. Жикенова атындағы қалалық жұқпалы аурулар клиникалық ауруханасының емдеу ісі бойынша бас дәрігерінің орынбасары Тамара Утаганова;
«Үздік ауыл дәрігері» - Қостанай облысы, Федеровская орталық аудандық ауруханасының хирург дәрігері Эдуард Финк;
«Үздік мейіргер» - Ақтөбе қаласы ЖМКА-ның интервенциялық кардиология бөлімшесі ангиографиялық зертханасының мейіргері Назкен Ерубаева;
«Үздік фельдшер» - Ақмола облысы жанындағы жедел медициналық жәрдем стансасының фельдшері Руслан Мусенов;
«Үздік денсаулық сақтау саласының тәуелсіз сарапшысы» - Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының анестезиология және жан сақтау бөлімінің меңгерушісі Инна Гловацкая;
«Денсаулық сақтау саласындағы үздік менеджер» - Қостанай қаласының №4 емханасының бас дәрігері, Маргарита Бисенова;
«Үздік провизор» - Алматы қаласы медициналық-әлеуметтік түзету наркологиялық орталығының провизоры Бақыт Әбдрахманова;
«Медициналық-әлеуметтік сараптаманың үздік сарапшысы» - ДСӘДМ Ақмола облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аймақтық департаментінің медициналық-әлеуметтік сарапшысы Күлзайра Аймурзина.
-
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Елордада «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесуі өтті -
Еңбек адамдары мемлекеттік наградалармен марапатталды -
ҚР ИИДМ: Көлік құралдарын шығару - машина жасау өнеркәсібінің дамуына ықпал етті -
Қарулы Күштерде жыл қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілер марапатталды -
Экология проблемаларын шешуге арналған үздік идея авторлары марапатталды