• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да 2016 жылы 70 мың ұстаз жаңартылған бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтеді (БЕЙНЕ)

ҚР-да 2016 жылы 70 мың ұстаз жаңартылған бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтеді (БЕЙНЕ)

17 Маусым, 2016 18:09
ҚР-да 2016 жылы 70 мың ұстаз жаңартылған бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтеді, деп хабарлады Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында «Назарбаев зияткерлік мектебі» ААҚ басқарма төрағасы Күләш Шәмшидинова.

«Осы жолғы өзгерістерге орта білім беру жүйесі де енгізілді. Министрлік аса жақсы дайындыққа келе жатыр. 2011 жылдың мамырында  білім берудің жаңа дайындығы бойынша Елбасының тапсырмасымен басталған болатын. Жыл соңында біз Кембридж университетімен курстарды әзірлеген болатынбыз. Олар осыған дейін Назарбаев зияткерлік мектептерінде болған болатын. 2011 жылдың мамыры мен желтоқсаны аралығында жаңа бағдарлама дайындалған болатын. 2012 жылдың қаңтарында бағдарламаны апробациялау жүргізілді, ақпан айынан бастап  тәлімгерлер дайындала бастады», - деді ол.

Оның айтуынша, аталмыш тәлімгерлер орта білім берудің жүйесіне оқыту курстарын жүргізді.

«Осы жылы жазғы мерзімде 70 мың оқытушы жаңартылған білім бағдарламасы бойынша  біліктіліктен өтеді», - деді ол.

Басқарма төрағасы айтып өткендей, ұстаздарды қолдау бойынша үлкен шаралар жүргізіліп отыр.

Сондай-ақ, әрбір мектеп үшін жаңа технологиялық әдіс бойынша 17 мың тәлімгер дайындалады.

«Бірінші мәселе – мұғалімдердің біліктілігін арттыру. Екінші мәселе – өткен жылы біз 30 пилоттық мектеп үшін методологиялық кешен жүйесін іске қостық. Біз әрбір пән үшін 10 дайындалған жоспарды әзірледік. Осы жылы ол өсті, біз оны барлық ұстаздар үшін қолжетімді қыламыз. Өткен жылы 30 мектепке 100 сұрақ келіп түсті. Біз бір-екі күн ішінде жауап береміз», - деді ұстаз.

«52 мыңнан астам оқытушы деңгейлік курстан өтті. Ол 52 мыңның 17 мыңын әрбір мектеп үшін дайындап отырмыз, олар мектепішілік курстар өткізулері керек. Сондай-ақ, курстан кейінгі қолдау да бар. Тәлімгерлер шығып, қандай мәселе бар екенін анықтап, шешеді», - деді К.Шәмшидинова.

Оқыту курстары БҒМ қызметкерлері үшін де өткізіледі.

«Біз қазір әрбір ауданда жаңа бағалау жүйесі бойынша  әдіскерлерді дайындап жатырмыз. Әрбір мектеп үшін директордың орынбасарын әзірлейміз.Себебі, оның мағынасы бағалаумен сәйкес болуы керек», - деді ол.

Анар  Тәңірқұлова

Видео: Азамат  Әлиева

 

Барлық жаңалықтар