Астанада медицина қызметкерлерін мерекемен құттықтады (ФОТО)

17 Маусым, 2016 19:53
«University medical center» корпоративтік қорының клиникаларында: Республикалық диагностикалық орталықта, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында, Балаларды оңалту ұлттық орталығында Медицина қызметкері күніне арналған мерекелік шаралар болып өтті, деп хабарлады «UMC» КҚ баспасөз қызметі.

Салтанаты жиында сөз сөйлегендер медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметі мейірімділік, рақымшылық, гуманизм сияқты адами қасиеттерге негізделетінін атап көрсетті. Бұл қасиеттер ақ халат киген жандарға адамдардың ең басты байлығы – денсаулығы мен өмірі үшін үлкен жауапкершілік жүктейді.      

Соңғы 5 жылда «University medical center» корпоративтік қорының клиникаларында: Республикалық диагностикалық орталықта, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында, Балаларды оңалту ұлттық орталығында 365 мыңнан астам науқасқа көмек көрсетілді. Олардың ішінде 9259 адам шетел азаматтары. Және олардың қатарында ТМД елдерімен қатар, батыс мемлекеттерінің де азаматтары бар.

Соңғы 3 жылда «University medical center» корпоративтік қорының клиникалары халықаралық JCI аккредиттеуінен өткен соң ем алған шетел азаматтарының саны 10 есеге артқанын айту кету керек. Осы кезеңде 350-ге тарта инновациялық технологиялар енгізілді. Олардың ішінде ең маңыздылары ағза мен тіндер транплантациясы, микрохирургиялық оталар, реконструтиктік және ағзаны сақтайтын операциялар, робот қолданылатын оңалту шаралары, радиоизотопты диагностика және т.б. емдеу амалдары.      

Жалпы 5 жылда «University medical center» корпоративтік қоры клиникаларында 8,2 млн.-нан астам қызмет көрсетілді.   

Бүгінгі таңда «University medical center» корпоративтік қоры клиникаларында 3 мыңға тарта медициналық қызметкер еңбек етеді.   

Мерекелік шаралар барысында үздік медицина қызметкерлері «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерімен, «Нұр Отан», ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, «Назарбаев университет» ДББҰ, «University Medical Center» корпоративтік қорының алғыс хаттарымен және дипломдарымен марапатталды.      

 

Барлық жаңалықтар