- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО әкімі АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы елшісі Джордж Кролмен кездесті
ШҚО әкімі АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы елшісі Джордж Кролмен кездесті
Өңір басшысы Даниал Ахметов елшіге Шығыс Қазақстан облысының дамуының негізгі бағыттары туралы айтып, соның ішінде өнеркәсіп пен аграрлық салаларына ерекше тоқталып өтті.
«Өңдеу деңгейін тереңдету арқылы атом өнеркәсібін дамыту жұмыстары жүргізілуде. Мемлекетіміздің қуатпен қамту жүйесінің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік беретін бірқатар су электр станцияларының құрылысы басталды. Аграрлық сектор дамып келеді, оның өнімін көрші мемлекеттерге шығаруды жоспарлап отырмыз», - деді Даниал Ахметов кездесу барысында.
Джордж Крол өз кезегінде Шығыс Қазақстанда АҚШ инвестициясының бар екенін және әлеуметтік салада тығыз қарым-қатынас орныққанын атап өтті.
«Шығыс Қазақстан облысының даму әлеуеті жоғары. Жалпы, бізге Қазақстанмен жақсы және нәтижелі байланыс маңызды», - деді елші.
АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы елшісі Джордж Крол Шығыс Қазақстанға екі күндік жұмыс сапарымен келді. Кеше елші Өскемен қаласының білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау мекемелерін аралады.
Айта кетсек, 2016 жылдың 4 айында Шығыс Қазақстан облысының АҚШ-пен тауар айналымы 29,2 млн АҚШ долларын құрады. Экспорт 14,7 млн АҚШ долларын, импорт 14,5 млн АҚШ долларын құрап отыр.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы