- Басты
- Жаңалықтар
- «Айбын» жиынына қатысушылар роботтар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын жасап шығарды (ФОТО)
«Айбын» жиынына қатысушылар роботтар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын жасап шығарды (ФОТО)
Бұл байқау барысында әр команда роботтар мен роботталған жүйенің үлгілерін көрсетті. Көрмеде 30-дан аса робот өнімдері көрсетілді. Олардың ішінде, мина іздегіш роботтар, ұшқышсыз ұшу аппараттарына дейінгі барлаушылар, әскери-әуе барлауына арналған квадрокоптерлер. Аталған Роботтар көрермендер алдындағы тікелей эфирде өз мүмкіндіктері мен қызметтерін паш етті.
Көрсетілген роботтардың барлығы жинау күрделілігі, жүктелген міндетті орындауы және пайдалы жұмысы жағынан бағаланды. Әр санат бойынша нақты балл қойылды. Қойылған баллдың жалпы нәтижесі бойынша жеңімпаз анықталды. Сонымен қатар «Менің ұшқышсыз ұшу аппаратым» байқауы кезінде қатысушылар өз араларында уақытқа жарысты. Әуе кеңістігінде дронды ұзақ ұстап тұра алған қатысушы байқаудың келесі кезеңіне жолдама алды. Осылайша, олардың ішінен үздік ондық іріктелді.
Нұсқаушылар дрондармен қалай жұмыс жасау керектігін үйретті. Жарысқа қатысушылар байқау басталар алдында аппараттарды басқару үшін тәжірибе жинақтады. Көрермендер үлкен экранның тікелей эфирі арқылы өздерінің сүйікті командаларының жеңістерін бақылады. Аталған сынақ түрі ұшуда дронның түрлі кедергілерден өтуін көрсетті. Сынақтың нәтижесінде дроннан құламай барлық кедергілерден өткен жеңімпаздар үштігі анықталды. Салтанатты жабылу рәсімі кезінде қорғаныс ведомствасының басшысы Иманғали Тасмағамбетов «Қазақстан Инжиниринг» ҰҚ» АҚ өткізіп отырған робот техникалары мен ұшқышсыз ұшу аппаратарының көрмесін аралады. Көрме аясында әр қатысушы өз робот өнімінің құрастыру күрделілігін сипаттап қана қоймай, сонымен қоса оның мүмкіндіктері мен қызметтерін де көрсетті. Көрермендер алдында ұшқышсыз ұшу аппараттарының көрсетілімі өтті.
ҚР бірнеше мәрте чемпиондары және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары ұшақтар мен тікұшақтар үлгілерінде ұшуды көрсетті. «Менің роботым» байқауында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әскери кафедрасының студенті Дастан Рахатов, ал «Менің ұшқышсыз ұшу аппаратым» байқауында «Арыстан» мамандандырылған лицейінің тәрбиеленушісі Қайсар Бердіғұлов жеңімпаз атанғанын атап өткен жөн.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады