• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда электрондық астық қолхатын жүргізу үшін «е-астық» мобильдік қосымшасы іске қосылады

Қазақстанда электрондық астық қолхатын жүргізу үшін «е-астық» мобильдік қосымшасы іске қосылады

17 Маусым, 2016 16:48
Қазақстанда электронды астық қолхатын жүргізу үшін «е-астық» мобильдік қосымшасы іске қосылады, деді «Ақпараттық-оқыту орталығы» АҚ басқарма төрағасы Жанасыл Оспанов ведомстводағы брифинг барысында.

«Ақпараттық жүйеде қолайлылықты қолдану үшін және интернеттің барлық мүмкіндігін қолдану үшін 1 шілдеден бастап «е-астық» мобильдік қосымшасы іске қосылады», - деді Ж.Оспанов.

Оның айтуынша, астық қолхатының жетекшілері әлемнің кез келген бұрышынан  астық қолхатының операцияларын жүргізе береді. Сондай-ақ, порталда астық қоймалары бойынша электрондық карта жүзеге асырылды.

Ж.Оспанов айтып өткендей, 23 шілдеде астық қолхаттарын тек жлектрондық форматта ғана жүзеге асырылады.

«ЭҚП алу бойынша проблема байқалған жоқ. Бүгінгі таңда 4 млн құжат заңды тұлғалар үшін  шығарылса, физикалық тұлғалар үшін 400 мың құжат жіберілді», - деді ол.

Орталық басшысы айтып өткендей, бүгінгі таңда жергілікті пункттер интернетке қолжетімді болып отыр.

АШМ мәліметінше, қазіргі таңда аталмыш қосымша тест тірінде іске қосылды. 

 

 

Барлық жаңалықтар