• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылдың 23 шілдесінен бастап астық қолхаттарының жүйесі электронды тәртіпте жұмыс жасайтын болады – ҚР АШМ

2016 жылдың 23 шілдесінен бастап астық қолхаттарының жүйесі электронды тәртіпте жұмыс жасайтын болады – ҚР АШМ

17 Маусым, 2016 16:12
2016 жылдың 23 шілдесінен бастап астық қолхаттарының жүйесі электронды тәртіпте жұмыс жасайтын болады, деп ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығы және қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Ләззат Купанова ведомствода өткен брифинг барысында мәлім етті.

«Астық қолхаты «құнды қағаз» мәртебесіне ие және элеватрға сақтау үшін тапсырылған астықтың меншік иесінің құқығын растайды. Сонымен қатар, астық қолхаты банкке қарыз беру үшін кепіл ретінде әрекет ете алады. Сонымен қатар, астық қолхаты қағаз түрінде енгізіліп отырды. 2002 жылдан 2015 жылға дейін отандық астық өндірушілер астықты қарызға беру арқылы аталмыш қолхат арқылы ЕДБ несие қоры жалпы сомасы 1,5 трлн теңгесін алды. Тәжірибе жұмысы электронды форматқа көшу керектігін көрсетті»,-деді Л.Купанова.

Оның атап өткеніндей, ол айқындылықты қамтамасыз етуге көмектеседі, бұзушылықты жояды, сондай-ақ болашақта астықты электронды түрде сатуға көшеді.

«Мақсат қойылды – электронды астықтың қолхатына көшу және астық есебін элеваторларда автоматтандыру. Ағымдағы жылдың 9 сәуір айында заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер енгізу туралы Заңы қабылданды. Заң өз күшіне ағымдағы жылдың 23 шілдесінен бастап енеді. Белгіленген күннен кейін астық қолхаты электронды түрде жүргізілуі керек, ал астық нарығының субъектілері астық қолхатының ақпараттық жүйесінде жұмыс атқаратын болады»,-деді сарапшы.

Айта кетейік, электронды қолхат жүйесі фермерлер шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

«Фермер онлайн тәртібінде астық партиясы бойынша ақпарат ала алады. Сонымен қатар, астықты сақтауға берген кезде өз мүддесін қорғай алады және оның сапасын анықтаған кездері. ҚР АШМ тұлғасындағы қадағалау органдары, жергілікті атқарушы органдар барлық лицензияланған астық элеваторлар берген астық қолхаттары бойынша заманауи дерекқорға онлайн тәртіпке рұқсат алады. Бұл оларға нарықтық жағдайларды талдауға мүмкіндік береді.  Жүйесі астық қолхаттарының барлық операцияларын қадағалайтындықтан, бұл деректер ашықтығын қамтамасыз етеді және осы саладағы қасақана бұзушылықтарды азайту көмектеседі»,-деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар