• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО ауруханаларына «Уаз» маркалы 100 автомобильдің кілті мен 2 реанимобиль тапсырылды

ШҚО ауруханаларына «Уаз» маркалы 100 автомобильдің кілті мен 2 реанимобиль тапсырылды

17 Маусым, 2016 17:19
Медицина қызметкерлері Күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облдысында аймақ ауруханаларының автопарк базасы материалдық-техникалық жағынан күшейтілді. Облыс әкімі Даниял Ахметов медицина мекемелерінің бас дәрігерлеріне салтанатты түрде «УАЗ» маркалы 100 автомобильдің кілтін тапсырды. Бұлардың басым көпшілігі ауылдық жерлерге жіберіледі, деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығында Өскемендегі медицина қызметкерлеріне олардың кәсіби мерекелерне орай құрмет көрсетілді.

«Медицина қызметіне байлық немесе атақ үшін бармайды. Бұл салаға тек адамдарға көмектесу үшін барады. Облыстағы денсаулық сақтау саласы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мәтініндегі міндеттерге байланысты дамып келеді. Тек соңғы жылда облыста 10 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Енді еліміз бойынша ірі гемотологиялық орталық салу жоспарлануда. Бүгінгі таратылған автомобильдердің басым көпшілігі ауылдардағы дәрігерлік амбулаторияларға жіберілетін болады. Біз ауылдықтардың алдыңғы қатарлы технологиядан қалып қалғандай сезінбеулерін қалаймыз. Сіздердің адамдарға қолдау көрсететін кәсібиліктеріңіз мен қайырымдылықтарыңыз неше еселенген мықты денсаулық боп қайтады»,-деді Д.Ахметов медицина қызметкерлеріне.

Қызметіндегі кәсібиліктері үшін аймақтың 4 медицина қызметкері «Денсаулық сақтау саласының үздігі» белгісімен марапатталды. Көп жылдық еңбегі мен халыққа медициналық қызмет көрсетудегі зор жетістіктері үшін 4 денсаулық сақтау саласының маманы төс белгілеріне ие болды.

Атап өту керек, биыл «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 60 дәрігерлік амбулоториялар мен фельдшерлік-акушерлік бекеттер мен 15 аурухана, 3 емхана жөндеуден өтеді, деп жспарланған. 

Барлық жаңалықтар