- Басты
- Жаңалықтар
- М.Бегентаев: Павлодар облысында 23 жаңа емдеу мекемесі ашылды
М.Бегентаев: Павлодар облысында 23 жаңа емдеу мекемесі ашылды
Аймақ басшысының орынбасары өз сөзінде облыста денсаулық сақтау нысандарының жыл санап артып бара жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, өткен ғасырдың 20-жылдары барлық дәрігерлердің саны 30-ға жуық адам болып, олардың ішінде ауылдық жерде 10-ы ғана болса, бүгінгі таңда облысымызда 423 медициналық мекеме жұмыс істеп тұр. Ал бұл - 2 мыңнан астам дәрігер және 5 мыңнан астам орта медициналық қызметкер.
Жалпы, соңғы жылдары 23 жаңа емдеу мекемесі ашылды, оның ішінде облыстық перинаталдық орталықтың корпусы.
Бүгінде Павлодар және Екібастұз қалаларында 3 инсульт орталығы, облыстық кардиохирургиялық орталық жұмыс істеп тұр. Еліміз бойынша мұндай орталықтардың саны - 3.
М.Бегентаев мемлекеттің азаматтардың денсаулығын сақтау бойынша қабылдап жатқан шараларының арқасында жалпы өлім-жітік көрсеткіші 11,4%-ға төмендегенін, соңғы 5 жылда шараналардың шетінеуі екі есе азайғанын, 2010 жылмен салыстырғанда қан айналымы жүйесі ауруынан көз жұму 55,9%-ға азайғанын атап айтты. Оған қоса, инфекциялық аурулардың және қан айналымы жүйесі ауруларының саны тұрақты түрде азайып отыр.
Облыс әкімінің орынбасары медицина қызметкерлерін кәсіптік мерекелерімен құттықтап, оларға береке, денсаулық және жаңа жетістіктер тіледі.
Жиын барысында марапаттау рәсімі өткізілді.
М.Бегентаев облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерін табыстады.
Сонымен қатар, "Павлодар облысының алтын скальпелі" аталымында Павлодар облыстық ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Нұрланов Серік Қапанұлы, "Павлодар облысының алтын фонендоскобы" аталымында Павлодар қаласының №5 емханасының жалпы тәжірибе дәрігері Евграшина Ольга Владимировна және т.б. марапатталды.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады