- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысының үздік дәрігеріне ақшалай сыйлық берілді (ФОТО)
Алматы облысының үздік дәрігеріне ақшалай сыйлық берілді (ФОТО)
Өз сөзінде үмітке үміт жалғап, ғұмырдың ұзақтығын сабақтастырып жататын денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтай келе, елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заманауи, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында барлық жағдай жасалып жатқандығын атап өтті.
«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы бір сөзінде: «Өмірде нағыз табысқа – адамдарға және өз еліне пайда әкелетіндер ғана қол жеткізеді»,- деген болатын.
Мемлекетіміздің қуатты елдердің қатарында болуы үшін – әр адамның дені сау, рухы биік болуы тиіс. Осы орайда, «100 нақты қадам. Ұлт жоспары» медицина саласының дамуына жаңа серпін беруде. Адам өміріне араша болған барша ақ халатты абзал жандарға мықты денсаулық, еңбегіне жеміс, отбасыларына бақыт тілеймін. Әр адамға жан жылуын аямай, аялы алақан, мейірімділікпен халықтың ыстық ықыласына бөлене беріңіздер, - деп мереке иелеріне жылы лебізін білдірді.
Осы күні жылдағы үрдіс бойынша жұмысына деген адал сүйіспеншілігі мен маңдай терінің арқасында еңбегі жоғары бағаланған сала қызметкерлері облыс әкімінің «Құрмет» және «Алғыс» хаттарымен марапатталды.
Сондай-ақ бұл күні 8 номинация бойынша жылдың үздіктері де анықталып, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
«Жылдың үздік дәрігері» номинациясының жеңімпазы және 500 000 тг ақшалай сыйлыққа – Қарасай аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Стадников Максим Александрович ие болды.
Марапаттау рәсімінен кейін номинация иегерлері өздерінің алғыс білдіру сөздерінде барша медицина саласы қызметкерлерінің басты мақсатының ортақтығын, ол – азаматтардың дертіне шипа беріп, дер кезінде сапалы жәрдем көрсету екендіктерін бір ауыздан атап өтті.
Шараның соңы Сүйінбай атындағы облыстық филармония ұжымының орындауындағы концерттік бағдарламамен ұласты.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда