Қазақстанда дәрігерге алғашқы ескерткіш Ақтөбеде қойылды

17 Маусым, 2016 15:54
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жакупова қазақ әйелдерінің арасындағы алғашқы дәрігер Аққағаз Досжанованың ескерткішінің ашылу салтанатына қатысты.

Іс-шара М.Оспанов атындағы ШҚО Мемлекеттік медицина университетінің студенттік кешенінде өткізілді,-деп «Ақтөбе ақпарат» ақпарат орталығы хабарлайды.

Айта кетейік, алғышқы қазақ-дәрігері Аққағаз Досжанованың құрметіне Ақтөбе қаласының көшелерінің біріне сол кісінің есімі берілген.

«Аққағаз Досжанова 20 ғасырдың басында медицинаның құрылуына үлкен еңбегін салды. Әріптесі Гүлсім Асфендияровпен бірге қазақ әйелдері үшін мейірбикенің алғашқы курстарын ашты. Өзінің қысқа өмірі мен қызметін ол барлық көмекті қажет ететін, ауыратын адамдарға арнады.  Дәрігерлер күніне орай, медициналық үйдің мерекелік алаңында алғашқы қазақ дәрігерінің мүсінін орнатудамыз»,-деді әкім.

Аққағаз Досжанова 1892 жылы Ақтөбе облысы Мартық ауданының аумағындағы Бөрте ауылында дүниеге келді. Ол жастайынан жетім қалды, алайда осындай ауырпалыққа қарамастан білім алып шықты. 1922 жылы ресми түрде алғашқы қазақ-дәрігері болды. Ташкент, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс жасады. Жетімдерді емдеді және қоғамдық жұмыстармен айналысты. Аққағаз Досжанова дүниеден 39 жасында өтті.

Денсаулық сақтау вице-министрі Светлана Жакупова Аққағаз Досжанова арналған ескерткіш – Қазақстанда дәрігерлерге арналған алғашқы ескерткіш екендігін айтып өтті.

«Мүсінді ашып жатқандарыңызға алғысымды білдіргім келеді. Оны сіздер бірінші жасадыныздар»,-деді вице-министр.

Барлық жаңалықтар