- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: БҰҰ аса маңызды ұйым, оған әлемнің барлық мемлекеттері қолдау көрсетуі керек
Н.Назарбаев: БҰҰ аса маңызды ұйым, оған әлемнің барлық мемлекеттері қолдау көрсетуі керек
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, сондай-ақ қарым-қатынасты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырды.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Пан Ги Мун халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Мемлекет басшысы БҰҰ-мен қарым-қатынаста Пан Ги Мунның Бас хатшы қызметінде қол жеткізілген өзара түсіністіктің деңгейі жоғары екенін атап өтті.
«БҰҰ – аса маңызды ұйым, оған әлемнің барлық мемлекеттері қолдау көрсетіп, беделін нығайтуға, мүмкіндіктерін кеңейтуге тиіс деп санаймын. Әсіресе, қазіргі күрделі ахуал кезінде бұл өте қажет. Өзіңіз білесіз, Қазақстан бейбітшілікті, интеграция мен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған бірқатар ұсыныс білдірді. Біздің ел өркениеттерді біріктіру үшін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін өткізіп келеді. Ядролық қарудан арылу жөніндегі ұсыныс бізден бастау алды. Биыл біз Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығын атап өтеміз. Сіз ол жерде болдыңыз. Бұдан бөлек, Бас Ассамблеяның соңғы сессиясында біз адамзаттың жаппай қырып-жоятын қарудан арылу қажеттігі жөніндегі бастаманы жария еттік», – деді Қазақстан Президенті.
Пан Ги Мун Қазақстан Президентінің Ұйыммен серіктестік қарым-қатынастарының дамуына қосқан жеке үлесін атап өтіп, қызметтің барлық бағыты бойынша БҰҰ-ға жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді