• Басты
  • ҚР БҒМ: Бірінші сынып оқушылары ешқандай тест тапсырмауы керек

ҚР БҒМ: Бірінші сынып оқушылары ешқандай тест тапсырмауы керек

17 Маусым, 2016 13:26
Бірінші сыныпқа түсетін балалар ешқандай тест болмауы керек, деді БҒМ мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева ОКҚ-да.

«Меніңше: бірінші сыныпқа түсетін бала тест тапсырмауы керек. Бұл ешқандай нормативте жоқ. ҚР «Білім беру туралы» Заңында 6-7 жасқа келген балаларды ата-ана бірінші сыныпқа бере алады. Барша облыық білім беру басқармаларына айтатыным бірінші сыныпқа арналған тест жоқ», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

Барлық жаңалықтар