• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылдан бастап жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері ағылшын тілін үйрене бастайды

2016 жылдан бастап жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері ағылшын тілін үйрене бастайды

17 Маусым, 2016 12:56
2016 жылдан бастап жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері ағылшын тілін үйрене бастайды, деді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Э. Суханбердиева ОКҚ-да.

«Білім беру жүйесінде барлығы 325 мыңнан астам педагог жұмыс істейді. 2016 жылы курстардан 91 мыңнан астам мұғалім (29%), оның ішінде білім мазмұнын жаңарту шеңберінде 69 097 мыңнан астам мұғалім өтеді», - деді Э.Суханбердиева.

Вице-министрдің айтуынша, үштілді білім беруді енгізу кезінде биыл Назарбаев Университеті  барлық өңірлерде «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пәндерінің 675 (алты жүз жетпіс бес) мұғаліміне арналған 4 айлық курстарды өткізуді жоспарлауда.

Ол айтып өткендей, жазғы мерзімде аталмыш пәндер бойынша мамандандырылған және жалпы білім беретін мектептерде оқыту жүреді. 

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар