• Басты
  • Жаңалықтар
  • Т.Дүйсенова: Денсаулық сақтау жүйесінің шоғырлануы әлеуметтік маңызы бар аурулардың қаржыландыру көлемін теңестіреді

Т.Дүйсенова: Денсаулық сақтау жүйесінің шоғырлануы әлеуметтік маңызы бар аурулардың қаржыландыру көлемін теңестіреді

17 Маусым, 2016 12:52
Денсаулық сақтау жүйесінің шоғырлануы әлеуметтік маңызы бар аурулардың қаржыландыру көлемін біртіндеп теңестіруге мүмкіндік береді және амбулаториялық деңгейде тегін дәріні қамтамасыз етеді, деп ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында мәлім етті.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгіздік, осы бағдарлама аясында республикалық бюджеттен 256 млрд теңгені тұрақты көмекке қаржыландырамыз, ал амбулаториялық көмек деңгейінде 2011 жылдан бастап бірыңғай жан басылық тарифті енгіздік, сол себепті барлық ел бойынша жан басылық тариф бірыңғай»,-деді министр.

Ведомство басшысынң айтуы бойынша, аталмыш тариф емханаларда жас бойынша сараланан.

«Балалардың тарифі көбірек, ал егде жастағылардікі одан да көп, яғни нақты анықталған межелік бар, сол себепті саралану теке жас категориясына ғана жүргізілетін болады, алайда тағы бір аурудың тобы бар – әлеуметтік маңызы бар аурулар және ол жергілікті бюджетпен қаржыланады және бұл жерде мәселелердің бар екендігін мойындаймыз.  Ағымдағы жылы біз ұсыныстарымызды дайындадық. Жергілікті бюджеттен қаржыланатын қаражат және басқа да деңгейлік қаржыландырулар онкологиялық ауруға қатысты, мысалы, Астанада – ол 47 мың теңге тұрады, ал басқа аймақтарда 12 мыңнан 17 мың теңгегег дейін және әрбір аймақ үмкіндігінше қаржыландыру жасайды»,-деді министр.

Осыған орай, Т.Дүйсенова министрлік республикалық деңгейде денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бойынша қаражаттың барлық түрлерін шоғырландыру туралы ұсыныс дайындағандығын айтып өтті.

«Біз оны республикалық бюджеттік комиссияға кіргіземіз және менің ойымша, бұл шоғырландыру әлеуметтік маңызды ауруларды және дәрі-дәрмек үшін қаржыландыру көлемін біртіндеп теңестіруге мүмкіндік береді»,-деді ол.

Индира Қауметова

 

Барлық жаңалықтар